«Yildirim Holding» компаниясы Қазақстандағы алғашқы кальцийлендірілген сода өндіретін «Qazaq Soda» ЖШС зауытының құрылысын Сарысу ауданында жүргізуде.
Инвестициялық жобаға 188 млрд.теңге қарастырылған. Өндірістік қуаттылығы жылына 500 мың тоннаны (1 млн.тоннаға дейін ұлғайту әлеуеті бар) құрайды.
500-ге дейін жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Кәсіпорын елдің ішкі қажеттілігін толық өтеп, экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асырады. «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында нысанға электр желісі тартылды. Сондай-ақ сумен қамту нысанын салуға қаражат бөлінді. Теміржол көлігі инфрақұрылымының құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі