«Туған жерге туыңды тік» деген аталы сөз бар. Отанға деген сүйіспеншілік алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен, ата қонысқа деген құрметінен басталады.
«Біздің ауданымызда да туған жерін абаттандырып, гүлдендіруге күш салып, өзге де қайырымдылық істерге қаржылық демеу көрсетіп жүрген азаматтар аз емес. Кеше1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде Ақтоғай ауылында ауыл түлектерінің демушілігімен балалар ойын алаңшасы ашылды», — делінген Сарысу ауданы әкімдігінің сайтында.

Мереке қарсаңындағы игілікті шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Бұл жобаның іске асуына өз үлестерін қосқан барша ауыл азаматтарына алғыс айтылды.
Шара барысында Сарысу ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагері Оразымбет Айтбеков және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шәді Салықбаев сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.
Мереке қарсаңында ашылған ойын алаңшасының лентасы салтанатты жағдайда кесілді.