• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Сапарбаев «Тараз» ӘКК»-нің жұмысын жандандыруды тапсырды

17.06.2021
0
Сапарбаев «Тараз» ӘКК»-нің жұмысын жандандыруды тапсырды
247
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен «Бизнеске арналған үкімет» орталығында  өткен кеңесте «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ-ның ағымдағы жылдың бес айында атқарған жұмыстары сараланды.

Аталған корпарацияның міндеті – республикада қабылданған жобаларды жүзеге асыру, азық-түлік бағасын бақылауда ұстау, оның көтерілуіне жол бермеу, тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорын жинақтап, халықты тиімді бағадағы азық-түлікпен қамтуды ұйымдастыру, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру, кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсету болып табылады. Өзінің алғы сөзінде осылай деген аймақ басшысы негізгі міндеттерге айрықша тоқталды.

Өз кезегінде «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Нұрғали Көрпетаевқа есепті кезендегі көрсеткіштер туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, инвесторлар мен кәсіпкерлерге сервистік қызмет көрсету орталығы келушілеріне 31 қызмет түрін көрсетуде. Мәселен, «Бизнеске арналған үкімет» орталығы ашылған сегіз айда 1850 кәсіпкерге қызмет көрсетіліпті, ал оны жыл соңына дейін 2300 келушіге жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ, бұған дейін берілген жобалар бойынша несиелерді қайтару жұмыстары да қолға алынған. Соңың ішінде облыс тұрғындарының табысын жақсартуға бағытталған пилоттық жоба да бар. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша бағаны тұрақтандыру барысында әлеуметтік дүкендермен жасап жатқан жұмыс та назардан тыс қалған жоқ. Дегенмен, кедесіп отырған кедергілер мен кемшіліктер де бар болып шықты.

—        Сіздер тек мәлімет жинап қана отыра бергенсіздер. Кәсіпкерлердің мәселелерімен танысып, барып, көрмегенсіздер. Кабинеттен шықпайсыздар, тек қағазбен ғана жұмыс істейсіздер. Бұған дейін корпарация тарапынан тың жобалар қолға алынып, лизингке тракторлар, жаңбырлатып суару қондырғылары алып беріліп, одан өзге де жақсы жобалар да қолға алынған еді. Ал қазіргі таңда корпарация тарапынан ешқандай ұсыныс түспейтін болды. Тіпті «Бизнеске арналған үкімет» орталығының жұмысын да жолға қоя алмай келесіздер. Күніне 15-20 адамға ғана кеңес берумен шектеліп қалғансыздар. Біздің бұл орталықты ашқандағы мақсатымыз кәсіпкерлерді сүйемелдей отырып, оның банктен қаржы алуына дейін көмектесу, жобасын жүзеге асыру болатын. Ал сіздер кәсіпкерлерге ертең кел, арғы күні кел деп сабылтуға үйренгенсіздер, — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы сонымен қатар тұрақтандыру қорының жұмысын үйлестіре алмай отырған корпарация мен ауыл шаруашылығы басқармасының да жұмысын сынға алды. Әлеуметтік дүкендерде әлеуметтік маңызға ие кейбір азық-түлік түрлері таусылып қалған. Ал күнбағыс майы болса 73 теңгеге қымбаттап кеткен. Инвестициялық жобалар да бақылаусыз қалған. Кәсіпкерлердің де қарыздары көбейген.

Қойылған сұрақтарға нақты жауап болмады. Сырғытпа жауапты облыс әкімі қабылдамды.

— Корпарацияның жұмысы өте нашар. Жоқ десе де болады. Бұдан бұрын қолға алынған жобалардың барлығы тоқтап қалған. Мен күнде қарап отырмын, сіздерге соңғы кезде кәсіпкерлер келмейтін болған. Өйткені, оларға сіздер тараптан көрсетіліп жатқан қолдау азайған. Жоба саны көп, нәтижесі жоқ. Бір сөзбен айтқанда корпарация ұйықтап қалған сияқты, — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ-ның    жұмысын жандандыру бойынша орынбасарлары мен тиісті басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Бектенов Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысымен кездесті

Бектенов Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысымен кездесті

30.05.2025
Заңның ережелері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Байзақта алимент төлемеген азаматтың бас бостандығы шектелді

30.05.2025
Қазақстан Арменияға 348 млн АҚШ долларына 70 түрлі тауар жеткізуге дайын

Қазақстан Арменияға 348 млн АҚШ долларына 70 түрлі тауар жеткізуге дайын

30.05.2025
Елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі енгізіледі

Елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі енгізіледі

30.05.2025
Италия Қазақстан экономикасына 7,6 млрд долларға дейін инвестиция құйған

Италия Қазақстан экономикасына 7,6 млрд долларға дейін инвестиция құйған

30.05.2025
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың құқықтары қорғалды

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың құқықтары қорғалды

30.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Джорджа Мелониді қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Джорджа Мелониді қарсы алды

30.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский