• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Сапарбаев «Меркі — Бурылбайтал» автожолының қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты

30.04.2020
0
Сапарбаев «Меркі — Бурылбайтал» автожолының қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты
320
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев жол құрылысының сапасына жіті көңіл бөлуде. Оған осы тақырып  аясында жүйелі түрде өтетін жиындар мен кездесулер барысынан көз жеткізуге болады. Ол сала кәсіпорындарын аралап, жай-күйімен танысудан талған емес. Олардың жаңа маусымға деген дайындықтарының қыр-сырын жеке бақылауда ұстап, ағымдағы мәселелерін жедел шешуге қол ұшын беруде. Бір сөзбен айтқанда, Ел Президентінің бөлінген қаражаттың уақтылы әрі сапалы игерілуі бойынша алға қойған міндеттерінің орындалуын айрықша назарда ұстауда.

Бердібек Сапарбаевтың Шу ауданына жұмыс сапары барысында жол мәселелеріне баса мән берілді. Мұнда ұзындығы 262 шақырым болатын қайта Меркі-Бурылбайтал автожолының қайта жаңғырту бойынша үлкен жоба жүзеге асырылуда. Облыс әкімі құрылысы жүріп жатқан аумақтарда болып, жол-құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті.

Ірі жобаға қытайлық «China Xinxin Corporation» және қазақстандық «ABK-Avtodor NS» компаниялары тартылған. Сонымен қатар, «Sinohydro Corp Limited» компаниясы Балқаш-Бурылбайтал жолының 35,6 шақырымын салуда. Ал «Todini and SMS» бірлескен кәсіпорны Күрті-Бурылбайтал трассасының 62 шақырымдық аумағының құрылысын іске асыруда. Облыс әкімімен болған кездесуге Ұзынағаш — Отар жолының құрылысын атқарып жатқан қазақстандық мердігерлік ұйым «ҚазақДорСтрой» өкілдері де  қатысты.  Айта кету керек, аталған автожолдың 16 шақырымы Жамбыл облысы аумағы арқылы өтеді.

Қытайлық мердігерлермен қазақ тілінен тікелей қытай тіліне аударған тілмаш арқылы сөйлескен Бердібек Сапарбаев олардан Қазақстан заңдарын қатаң сақтауды талап етті. Ол қытайлық кәсіпорындардың жалақысы төмендігін алға тартып, оның мөлшері жыл сайын кем дегенде 10 пайызға арттырып отыру керектігін атап өтті. Сондай-ақ, аймақ басшысы барлық жұмысшылар үшін тең жағдай жасау керектігін еске салып, әсіресе жалақы, тамақтану және жүріп-тұру мәселелеріне көңіл бөлді.

Б.Сапарбаев мал өткелдерін салу және жол бойындағы арықтар мен көпірлерді жөндеу қажеттігін баса айтты. Жол жөндеу жұмыстары жақын маңда орналасқан жергілікті тұрғындардың 13 үйінің қабырғаларының жарылуына себеп болған. Оларды 15 күннен кешіктірмей жөндеу керек. Бұл үшін 8,5 миллион теңге қажет.

— Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген ұғым бар. Компаниялар жақын маңдағы елді мекендерге, облыс орталығына әлеуметтік мәселелерді шешуге көмек көрсетуі керек. Әсіресе, коронавирус жағдайын ескере отырып, жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға көмектесу қажет.

Қазақстан Республикасының заңдары, оның ішінде «Тіл туралы Заңы» қатаң сақталуы керек. Мемлекеттік тіліміз — қазақ тілі. Барлық маңдайшалар, оның ішінде кіреберісте орналасқан компанияның атауы да қазақ тілінде болуы керек. Мен тағы да осында келіп, бұл тапсырмаларымның қалай орындалғанын тексеремін, — деп атап өтті облыс әкімі.

Қытай компанияларының  жетекшілері Сапарбаевтың талаптарына толықтай келісетіндіктерін білдірді.

Аймақ басшысы Меркі-Бурылбайтал жолының бір бағыттының құрылысы биыл аяқталып, жол қозғалыс қалпына келе ме? Мердігерлер құрылысты толығымен жоспардан бір жыл бұрын, яғни 2021 жылы аяқтай алады ма? Бердібек Сапарбаев осы секілді бірқатар сауалдарын жолдады.

Бұл мәселелерде аймақ басшысы мердігерлер тарапынан түсіністік тапты.

Талқылау көрсеткендей, жол салушылардың алдында ешқандай кедергілер кездесіп отырған жоқ.  «Todini and SMS» БК басшысы Мойынқұм ауданы аумағында карьерлерді бөлуге қол ұшын беруді сұрады.

— Ең бастысы, барлық жұмыстар уақтылы және сапалы атқарылуы керек. Меркі және Шу аудандары арасындағы жолдың бір бағытының құрылысын биыл аяқтау керек. Жол құрылысында жергілікті материалдар пайдаланылып, ал жергілікті адамдар жұмыспен қамтылғаны маңызды. Жол салушылар қазақстандық өндірушілермен келісім-шарттар жасасып, битум қорын қалыптастыру керек.

Тағы да қайталап айтамын – заңды бағыныңыздар және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы ұмытпаңыздар. Сонымен қатар, қазіргі жағдайда, әсіресе құрылысшыларға арналған жатақханаларда санитарлық нормаларды қатаң сақтау – басты талап болып табылады. Адамдардың денсаулығы бәрінен маңызды, — деп  түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
ұшақ

Қазақстандық әуекомпаниялар қай елдерге рейстерді тоқтатты?

24.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты кездесулер өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты кездесулер өткізді

24.06.2025
Қырғызстанда бір сағат ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Түркияда 4,5 баллға дейінгі жер сілкінісі орын алды

24.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта Еуропалық Кеңес президентімен кездеседі

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысын өткізді

24.06.2025
«Respublica» партиясы филиалында кадрлық өзгерістер орын алды

«Respublica» партиясы филиалында кадрлық өзгерістер орын алды

24.06.2025
Қоғамда заң және сот алдында барлығы тең: әділдік және құқықтық теңдік принциптері

Қасым-Жомарт Тоқаев судьялар мен сот қызметкерлерін құттықтады

24.06.2025
Сервитутты тіркеу

Сервитутты тіркеу

23.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты