Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысының ТЖД өрт сөндіру есептоптары көмектесуде.
Өрт ошағын жою жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.
Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.
Қазіргі таңда 80 жуық адам медициналық көмек алды. оның 30ға жуығы ауруханада, 6 адамның жағдайы орташа ауыр. Жағдай қалыпты деп хабарлады Бердібек Сапарбаев