Өңірімізде алғаш рет М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Халықаралық Тараз Инновациялық институты оқу орындары арасында штатқа офицерлік комплаенс қызметі енгізілді.
Комплаенс қызметін енгізу ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен аталған жоғары оқу орындарының 2021-2022 оқу жылына арналған «Sanaly urpaq» жобасы аясында жақында қол қойылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу жөніндегі бірлескен жұмыс жоспарының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
«Комплаенс қызметтер саласы Қазақстан үшін айтарлықтай жаңа болғанымен, халықаралық ірі қаржы компаниялары үшін келешегі зор екендігі дәлелденген.Уақыт ағымына қарай оқу орындарда білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға ұмтылуы керек екендігін айтып, ол үшін қолданыстағы заңнаманың, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі регламенттер мен мінез — құлық кодекстерінің нормаларын бұзудың алдын алуға, корпоративтік сектор арасында парасатты ортаны қалыптастыруға, яғни комплаенс қызметін бақылауға бағытталған шаралар жүйесі енгізу қажет», — деді өз сөзінде Департамент басшысы Әділхан Әшірбаев.
Сонымен қатар, Әділхан Әшірбаев бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспардың функционалдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде әкімшіліктің, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын және жауапкершілігін қалыптастыру, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту сияқты басқа да негізгі бағыттарын атап өтті.
2018 жылы бастау алған «Sanaly urpaq» жобасы бүгінде өзінің тиімділігін көрсетуде. Еліміздің жас ұрпақтары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын дамытуға ықпал етуде. Сондай-ақ «Sanaly urpaq» клубтары өңіріміздің 22 колледжінде және 2 университетінде құрылып, жалпы 3000-ға жуық студент қабылданған.
Ведомство басшысы осы жылдың бірінші жартысында жоба аясында мыңнан астам іс-шаралар оның ішінде парасаттылық сағаттары, кездесулер, квест ойындары, дөңгелек үстелдер, пікірсайыс турнирлері, семинарлар, конференциялар, сурет байқаулары және т.б». іс-шаралар ұйымдастырылып және 2020-2021 оқу жылы ішінде 2 мыңнан астам іс-шара өткізілгенін хабарлады.
Өз кезегінде аталған оқу орындарының ректорлары білім беру саласы мен ғылыми және әлеуметтік маңызды қызметтердің сапасын арттыру үшін «университет — оқытушы – студент» атты өзара іс– қимыл жүйесінде бюрократиялық кедергілерге жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралардың маңыздылығын және қазіргі таңда «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі отансүйгіш және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеудегі өз миссиясын жалғастырып жатқандығын атап өтті.