Істің мән-жайы
Өндірістік кооператив басшысы 2019 жылғы мамырдан 2020 жылғы наурызға дейінгі аралықта жалған құжаттарды пайдаланып, сүт өнімдерін өңдеуге бөлінген 50 миллион теңгеден аса субсидияны заңсыз алған.
«Өндірістік шығындарды растау мақсатында шикі сүт сатып алғаны үшін өзара есеп айырысу туралы жалған құжаттар және май өндірісі туралы қасақана жалған ақпараттар беріп келген. Нәтижесінде сот сүт жеткізу мәмілелерін заңсыз деп таныды», — деп жазылған хабарламада.
«Жеке қажетіне жұмсаған»
Тергеу нәтижесінде заңсыз алынған субсидияларға күдікті TOYOTA LAND CRUISER PRADO 150 маркалы көлігін сатып алғаны анықталған, ол мұны жасыру мақсатында сенімді адамға рәсімдеген.
Сот санкциясымен көлікке тыйым салынды. Сондай-ақ күдіктіге 2 айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын тағайындаған.