«Жастар практикасы» бойынша 1063 жұмыс орындарын құру жоспарланып (оның ішінде 564-і облыстық бюджет есебінен) құру жоспарланып, осы мақсаттарға 243,5 млн. теңге (оның ішінде 129,2 млн. теңгесі облыстық бюджет есебінен) бөлінді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сейдахмет Сейтбеков баяндады.
Басқарма орынбасарының айтуынша, 2017 жылдың 1 қаңтарына 1342 түлек жастар практикасына жолданып (оның ішінде 703-і облыстық бюджет есебінен), 243,0 млн. теңге игерілді (облыстық бюджет қаржысы толық игеріліп, республикалық бюджет қаржысынан 558,4 мың теңге үнемделді). Барлығы 609 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін іске асыру нәтижесінде 2016 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады (2015 жылдың 3 тоқсанында — 4,9%). Өткен жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда 15-24 жас арасындағы жастар жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайыздан 4,0 пайызға, ал, 15-28 жас арасындағы жастар жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайыздан 3,7 пайызға төмендеді.
Жалпы, жұмыспен қамтылғандардың санындағы өз бетімен жұмыспен айналысушылардың үлесі 46,5 пайыздан 45,1 пайызға дейін төмендеді, — деп сөзін қорытындылады басқарма орынбасары Сейдахмет Сейткерімұлы.