Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы «23» қаңтардағы №32-ө өкімімен Мәтен Мәди Мейірбекұлы Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалды
Мәтен Мәди Мейірбекұлы 1984 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы «Баспахана» ЖШС-нің директоры болып бастаған.
2004-2005 жылдары Жуалы аудандық «Жаңа өмір – Новая жизнь» газеті редакциясының фототілшісі, 2005-2011 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім басшысы, 2011-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.
2012-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.