Жеке билік пен ұжымдық билік ел билеудің ежелден келе жатқан екі түрі. Осы екеуінің арақатынасы ел ішілік және сыртқы саясатқа байланысты реттеліп отыратындығы да белгілі.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында еліміз экономикалық реформаны жеделдететін заңдарға зәру болды. Бірақ сол кездегі Жоғарғы кеңес елді ілгері басқарудың заңдық негізін жедел жасап беруге дайын болмай шықты. Нәтижесінде дағдарысқа ұшыраған парламент тарады. Ал, Президент болса, реформаны жеделдететін заң күші бар жаңалықтар шығарып, бүкіл парламенттік жауапкершілікті өз мойнына алды. Ол аз десеңіз 1995 жылы қабылданған Конституцияда Президенттік билікті бұрынғыдан да күшейте түсті.
Сөйткен Президентіміз өкілеттігінің біразын Парламентпен бөлісу жөнінде бүгін өзі бастама көтеріп отыр. Бізге, бір-біріне жұдырық ала жүгіретін Парламент немесе билік халықтікі деп қойып, сессияларында саяси бюроның шешімдерін мақұлдатып қана отырған СОКП-нің тәжірибесі де қол емес екенін халқымыз да әлдеқашан түсінген.
Демек, бізге қағаз жүзінде қолын қоймайтын ондай реформаны Президентпен арақатынасын заң аясында реттей отырып, билігінің күшейгенін халқы алдында көп партиялық принциппен сайланған жаңа парламент қана жүзеге асыра алады.
Елен Әлімжан, жазушы, драматург