2017 жылдың 15 ақпанында сағат 22.00 шамасында Меркі аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне осы ауылдың 70 жастағы тұрғынынан үйінің есігінің алдына белгісіз тұлғаның бір жасар баланы қалдырып кеткені туралы хабар түскен болатын.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобымен ауладағы үйге кіретін қақпаның маңында азиат ұлтының бір жасар қыз баласының жерде отырғаны және Зере есіміне қарайтыны белгілі болды.
Баланы өтініш берушінің әйелі оның жылаған даусын естіп, аулаға шыққан сәтте көрген, алайда кімнің қалдырып кеткенін байқамаған. Баланы тапқан жерде ішінде киімдері бар пакет пен хат болған: «Оның аты Зере. Оған 1 жас және үш ай. Егер бір ай қарап берсеңіздер, мен оны кейін алып кетемін».
Полиция қызметкерлерімен өтініш беруішінің үйіне қарсы бетте орналасқан дүкеннің сыртқы бейнебақылау камералары қаралып, бейнематериалды көру барысында қыз баласын алып келген азиат ұлтының жасы 30-35 шамасындағы әйел екендігі анықталды.
Меркі аудандық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Табылған қыз Меркі ауылының Орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында және денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі