Күні кеше Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады. Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке беріліп, алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалар мен даму тұжырымдамаларға үкіметке міндетелетін болады. Мәселен, «Нұрлы жол», «Дипломмен ауылға!» секілді мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы Үкіметке, ал қабылданған Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар жауапкершілігі Парламенттің жауапкершілігіне берілетін болады.
Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болып, Үкімет мемлекеттік бағдарламаларды өз деңгейінде орындай алмаса, Парламент Үкіметке сенімсіздік білідіріп қайта құрылуына әсер ете алады. Алдағы уақытта Парламент пен Үкіметтің азаматтық қоғамның алдында маңыздылығын арттырады.
Президенттің атқарып жүрген 40 міндетті Парламент пен Үкіметтік құзыреттілігіне беріліп, заң шығарушы орган мен билік өкіледерінің қабылдайтын шешімдеріне тұрғысынан уәкілеттіліктері кеңейеді. Ол бізге не береді деген сұрақ туындайды, дауыс беру арқылы сайланған депутат пен партияның тынысының кеңеюіне әкеледі. Қоғамға әрбір үйдің тыныштығы мен бейбітшілігі болғаны қажет. Бұл шешімді жаxандық дамуда қабылданатын орынды шешім деп білем. Халықпен санасу қоғамның билікке деген әсер етуші күші бар екендігінің белгісі. Ұлт бірлігі, халық саналығы, алдағы реформада үмітіміз зор.
Исламбек Дастанұлы – Облыстық Қоғамдық кеңестің құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі комиссия хатшысы, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ президенті.