Көші қон заңнамасындағы жаңа ережелерді қабылдауға байланысты, тұрғылықты жері бойынша азаматтарды уақытша тіркеу қызметі ҚР ІІМ көші қон полициясының ведомствосына қарасты, оның қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт-офистерінің жүктемесін азайту мақсатында 7-8 қаңтар мереке әрі демалыс күндері болуына қарамастан Астана мен Алматы қалаларындағы және облыс орталықтарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары таңғы сағат 9.00—ден түскі 15.00-ге дейін жұмыс істеген болатын. Ал, осы аптадан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары 12 сағаттық жұмыс кестесіне көшті. Енді тұрғындар таңғы сағат 08.00-ден бастап кешкі 20.00 аралығында тіркеуден өте алады. Бұл бірінші кезекте халыққа ыңғайлы болуы үшін жасалды.
Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін үйдің меншік иесі және тіркеуге тұратын азаматтың өзі келулері тиіс. Екеуі де өзімен бірге жеке басының куәлігін, меншік иесі – пәтерге құқық белгілеуші құжатты, ал тіркеуге тұрушы – АЕК-тің 10% құрайтын баж салығын төлегені туралы түбіртекті әкелулері шарт.
Анықтама ретінде: Тараз қаласы бойынша 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтін ХҚКО бөлімдері
1. Тараз қалалық №1 бөлім — Қойгелді көш., 158
2. Тараз қалалық №2 бөлім — Талас ы/а., 2
3. Тараз қалалық №3 бөлім — Абай даңғ., 232
4. Тараз қалалық №4 бөлім – Сәтпаев көшесі 1Б
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалы- «Халыққа қызмет көрсету» орталығының баспасөз қызметі