• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

РУХАНИ КЕЛІСІМ – ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ДАМУЫ

10.12.2019
0
РУХАНИ КЕЛІСІМ – ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ДАМУЫ
185
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекеттілік сана – мемлекетке сенім береді. Себебі мемлекет – адам сияқты. Кезінде бабаларымыз Білге қағанға, Күлтегінге, Кенесарыға сенім берген мемлекеттілік сана еді. Сол мемлекеттілік санамыз бізге не дейді. Неге басқа дін өкілдері мен мәдениет өкілдерінің мазарлары қазақ даласында тұр. Бұл бізге отанды мығым ұстау мен мемлекеттілікті сақтау үшін ісіңді келісіммен, ауызбіршілікпен, түсінікті ту ет деген сөз.
Мына дүние адам үшін жаратылған. Құран солай дейді. Ислам адам үшін жіберілді. Алла адамды мына дүниеде адаспасын деп ақылмен сомдады. Адамның адамдығы ақылын қолдана білуінде. Хакім Абай «бірлік –ақылға бірлік» дейді. Бүгінгі қазақтың саяси ахуалын шешуде ақылымыз не дейді. Бізге қандай бағыт береді. Ол мәселенің шешімінің аты – келісім, бейбітшілік, тұрақтылық, өзара түсінік екен. Ашумен бастап, артынан өкініп қалған Ливияның хәлі, бір-бірін түсінгісі келмей тоқырап қалған – бүгінгі Сирияның жағдайы бізге сабақ берер іс.
Адамды әлемнен, мына қоғамнан ажыратып басқарамыз деген теориялардың тарихта ғұмыры ұзақ бармайды. Олар мысалы, бүгінгі уахабилер. Сол сияқты Құдайсыз да басқара алмайсың. Оның да ғұмыры ұзаққа бара алмайды. Мұның мысалы, Кеңес үкіметі. Себебі адам ең әлсіз әрі залым жаратылыс екендігі Құранда тектен текке айтылмаса керек. Адамды бауырмалдыққа ұстайтын, түсінікке алып баратын, кеудедегі кішкене жаратылыс – жүрек, оған әсер етер – иман.
Бабаларымыз: «Ескі мен жаңа арасында сұқбат болса, орта жол әрдайым табылады» деген. «Ясауи бабамыз, елдің кемелдік пен еркіндікке жетуі үшін бірінші шарт — «заман» дейді. Заманның мазмұны — тыныштық. Екінші шарт — «макан». Маканның мазмұны — отан. Отансыз еркіндіктің де, тыныштықтың да мәні жоқ. Үшінші шарт — «ихуан», яғни бауырмалдық. Бір отанда, бір уақытта тіршілік етіп жатқан адамдардың арасында өзара туыстық, бауырмалдық болмаса, бәрі бос» (Кенжетай Досай).
Тіс ауызда тізіліп тұрған кезде ғана құнды, жерге шашылып түссе құны жоғалады. Сол секілді келісім мен өзара түсінік орнап тұрған уақытында құнды, берекесі кетсе – құнсыз. Құнсыздық басталса ол орнатқан бейбітшілікке қайырыла алмаймыз. Оның бүгінгі мысалы, Таяу шығыстағы жағдайлар.
Ақиық ақын Омар Һаям: «Ақымақ бақытты алыстан іздейді. Ақылды жанында өсіреді» деген.
Артур Шопенгаэр деген философтың мына сөзіне сенбеуімізге мүмкін емес: «Адамзат баласының дамуын тежеп келе жатқан бірден бір себеп, ақылдыларды емес, айқайшыларды көбірек тыңдауында», деген екен. Біздің кейде айқайшылдығымыз отаншылдық сезімнің артына тығылып алған. Хакім Абайша айтқанда «жанымыз бен тәніміздің сұранысының арасында ақылымыз тұруы қажет». Ол үшін аузымыздан шыққан сөздеріміз бейбітшілікке, тұрақтылыққа бастап тұруы керек. Себебі бүткіл Пайғамбарлардың бәрі де бейбітшілікті насихаттап кетті. Мәшһүр Жүсіп бабамыз: «Хайуан, сөз өнері болмағаннан хайуан болды» дейді. Біз көп нәрсені сұқбатпен шешкеннен гөрі, кейде жұдырыққа ұмтылуға дайын тұрамыз. Сонда біздің хайуаннан не айырмашылығымыз қалады.
Бұл өмірдің мәні тұрақтылық пен бейбітшілік. Бірде бір кісі Пикассо деген суретшіге: Сенің салған өнеріңнің ешқандай мазмұны жоқ депті. Сонда суретші: бидайдың дәнінің суретін салып жіберіп, қоя салса, оның шынайылыққа ұқсағаны сонша, бір тауық келіп шоқи бастапты. Сонда әлгі кісі: суретті неге осылай керемет салмайсың дегенде, суретші Пикассо: Мен суретті тауықтарға емес, адамдарға саламын» деген екен. Суретшімен болған бұл оқиға өмірдегі көп мәнді түсінуге нұқсап тұр. Бұл оқиғада не ұғамыз. Өмірдің мағынасы бір-бірімізді түсіну мен құндылықтарды бағалау және оған ақыл көзімізбен қарай. Адам деген атқа лайық болуымыздың мағынасы осында. Себебі бізге ақыл мен жүрек қатар қолдансын берілген.
Таудың биікке шыққан сайын оттегінің аздығынан адамның тынысы тарыла түседі. Келісіммен, ауызбіршілікті сақтап ұмтылған мемлекетімізде осындай қиын жолмен шыңдарға шарықтауда.
«Екінші дүниежүзілік соғыста Польша бомбаның астында қалды. Шаруашылық түгел күйреді. Әлемге Коперниктей ғалым, Шопендей сазгер сыйлаған Варшаваның 90 пайызы жойылып кетті. Иә, бір елдің ондаған ғасырлардан бері жиып-терген дүниесі бірнеше жылдың ішінде түгел дерлік қирап қалды. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана асқақтап тұрған сарайлар, өнеркәсіп орындары театрлар мен кітапханалардың күл-паршасы шықты. Енді қараңыз.
Соғыстан кейін майдан даласында шашылып жатқан тас кірпіштердің орнына ғажайып Варшава қайта тұра қалды. Қазір Варшаваға барып көріңіз. Құдды ештеңе болмағандай. Корольдер тұрған, Шопеннің түнгі сонатасын тыңдап, Мицкевичтің жырына балқыған Варшаваны көресіз. Құрылыстың мінсіз шыққаны сонша 1980 жылы ЮНЕСКО-ның «Әлемдік мұрасына» енді.
Адамның ақыл-ойының құдіретіне таң қалып, тіпті көзіңізге жас алуыңыз мүмкін. Ойлап қараңызшы, 90% жойылып кеткен қала дым болмағандай қайта құлпырып кетті.
Бұл оқиға көп нәрсені аңғартады. Қарап отырсыз ба, бір дүрбелең келсе мыңдаған жылдан бері жиған материалдық дүниеңіз бір сәтте тас-талқан болады» (Р.Рамазан).
Оны қайта тұрғызарда, сақтап қалатында ақылымыз бен түсінікке ұмтылған жүрек. Ондай қасиетті ұғым бізге орнаса, оны Сізден Құдайдан басқа ешкім тартып ала алмайды. «Ән — әлемді тербегенімен, әнді әнші жазады». Мына жер бетіндегі барлық игіліктер бар болғаны біздің ақыл-ойымыз бен бейбітшілікке ұмтылған жүрегіміз ғана. Тек нәпсі мен ақылдың азығын ғана беріп, жүректің азығын бермесе, онда жүрек те тыңдау сезімінен ажырайды екен. Яғни, адам бұның кесірінен адамдық болмысынан айырылады.
«Бабаларымыздың дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. Бұл туралы Ясауи бабамыз: “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген ұлағатты сөзі адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады» (Кенжетай Досай).
Бұқар жырау Абылай ханға мынадай өсиет айтыпты: «Кез-келген еліне қызмет етер қабілетті жанға мына нәрсе тән болуы қажет: ол, қарама-қайшы нәрселердің ұқсас жерін ізде!, деген. Өйткені «Тарих – тек жеңімпаздарды ғана ұнатады. Мойындасаңызда, мойындамасаңызда шындық осы».
Мәшһүр Жүсіп бабамыз:
Көрген мен көрмегенде көп парық бар,
Лайықсыз ерсілікке арандама,
Әр әстің мазмұнына көзің жетпей!
Пайдаңды жақсы болсаң көпке тигіз,
Жатырқап еш адамды сыртқа теппей!, дейді.
Ал, біз не істеп жүрміз. Мына жақта түрлі ағымдарға бөлініп алып, бір-бірімізбен қырылысып жүрміз. Бәріміз мұсылманбыз, бірақ бөтенбіз. Бәріміз қазақпыз, бірақ бір-бірімізді жек көреміз. Яғни, ортақ құндылықтармен түсінісу, бір мұрат жолында біріге алмаймыз. Әлеуметтік желілерде болмайтын нәрсеге бола бір-бірімізге лағнет айтуға дейін барамыз. Ақыл иелері «Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, мақсатқа тәуелді бол» деген. Егер осылай жасайтын болсақ, өзімізге де, өзгеге де әсерін көреді екенбіз. Өйткені, Сіздің жаныңыз, жүрегіңіз, ақылыңыз іздеп тұрған тыныштық, Сізді де іздеп тұрады екен. Рухымыз бейбітшілікке мұқтаж.
Бүгінде дін арқылы да белгілі бір отанның шеңберінде өмір сүріп жатырған ұлттардың арасына іріткі салу белең алуда. Ал, осылай дін арқылы да адамдарды сырттан басқару арқылы береке-бірлікті кетіруге туындаған кезде, оған жүрек пен иман, ар мен сезім ғана кедергі жасамақ.

Жарас Ахан,
тарихшы,
Дін саласындағы Республикалық
ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Алдағы күндердегі ауа райы

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты