Тараз қаласында автовокзал маңында көлік өртеніп кетті. Оқиға орнында өртті сөндіруге кіріскен маман жарылыс ошағының дәл ортасында қалып қойған. Соған қарамастан оның денсаулығына зиян келмеген секілді. Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан ер адамның жарылыстан кейін де өртті сөндіруге қайта кіріскенін көруге болады.
Жамбыл облыстық ТЖД мамандарының айтуынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
«2024 жылы 6 қазанда сағат 10-52-де г. Тараз қаласы, Жамбыл даңғылының #2/3 мекен-жайында Газель автокөлігі өртке оранғандығы жөнінде хабалама түскен. Шақырту орнына ТЖД 7 адам жеке құрам мен 2 бірлік техника шығып, өртті сағат 11-00-де жойған. Зардап шеккендер жоқ. Осыған орай Жамбыл облысы ТЖД облыс және қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережерін сақтауды ескертеді», — дейді ТЖД мамандары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram