Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері бос лауазымдарына үміткерлермен әңгімелесу жүргізу және нәтижелері бойынша шешім шығару мақсатында 2020 жылғы 16 сәуірде конкурстық комиссиясының отырысы өтті.
Конкурстық комиссиясының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2020 жылғы 20 сәуірдегі бұйрықтарымен:
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері бос лауазымына Жетибаев Серик Дуйсеналиевич тағайындалды;
Жетибаев Серик Дуйсеналиевич
1981 жылы Жамбыл облысы, Талас аудан, Аққөл ауылында дүниеге келді. 2004 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығымен бітіріп, дәрігер біліктілігін алды. Жалпы еңбек өтілі 16 жыл, денсаулық сақтау ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда 14 жыл, соңғы жұмыс орыны Жамбыл облыстық көп бейінді балалар аурузанасы бас дәрігердің инфекция жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері бос лауазымына Айтбаева Айгул Калдыбаевна тағайындалды.
Айтбаева Айгул Калдыбаевна
1967 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылында дүниеге келді. 1993 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының «Емдеу ісі» мамандығын бітіріп, дәрігер біліктілігін алды. Жалпы еңбек өтілі 27 жыл, денсаулық сақтау ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда 12 жыл, соңғы жұмыс орыны Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасы бас дәрігерінің акушерлік-гинекологиялық жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.