Аталған фестивальге Жамбыл облысынан Байзақ, Меркі аудандары және Тараз қалалық білім беру ұйымынан 19 команда қатысты. Фестиваль барысында оқушылар «Лабиринт», «Жоба қорғау», «Квадрокоптермен маневр жасау» және «Робошоу» номинациялары бойынша жұмыстарын қорғады. Халықаралық фестивальдың қорытындысы бойынша 1 орынды — 1 команда, 2 орынды — 1 команда, 3 орынды — 2 команда иеленді.
І ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ:
Нағашбай Абдуғани, Дүйсебек Адиля — Меркі ауданы, Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназиясының оқушылары.
ІІ ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ:
Аманбай Хажмұқан, Тұрсынбай Абылай- Байзақ ауданы, Ю.Гагарин орта мектебінің оқушылары.
ІІІ ОРЫН ИЕГЕРЛЕРІ:
Курбанов Рафаэль- Меркі ауданы, №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының оқушысы;
Есенбай Медет, Нышан Данияр — Меркі ауданы, М.Маметов атындағы №13 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы