Вакцинация – бұл заманауи медицинада белгілі, жұқпалы ауруларға қарсы қорғанудың тиімді құралдарының бірі. Кез-келген вакцинация ағзаның қорғаныс қабілетін нығайтуға, оның тұрақтылығын қалыптастырып, түрлі қауіпті ауруларды қабылдамауына ықпал етеді. COVID-19 пандемиясы кезінде вакцина алу әр тұлға үшін өте маңызды әрекет.
Вакциналау – адам инфекция қоздырғыштарымен байланысқа түскенге дейін аурудан қорғанудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакциналау ағзаның табиғи қорғаныс механизмдерін қолдана отырып, көптеген жұқпалы ауруларға төзімділікті арттырады және иммундық жүйеңізді күшейтеді.
Сіздерді вакцина салу мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерге сенбеуге шақырамыз.
Құрметпен, білім басқармасы
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы