2024 жылдың сәуір және мамыр айларында «Р» есімді РФ азаматы сыбайластармен алаяқтық жолмен ақпараттық жүйені пайдалана отырып ұялы байланыс арқылы Тараз қаласының азаматтарының сеніміне кіріп, алдау жолмен 13 000 000 тг. несие рәсімдеу арқылы жымқырған.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Аталған шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қылмыстық әрекетін аяқтап, шет еліне қайту барысында қылмыстық қудалау органымен ұсталды.
Есіңізде болсын, сенімділік Сіздің қаржылық әл-ауқатыңызға теріс әсер етуі мүмкін және алаяқпен иемденген затты қайтару өте қиын болады. Қаражатпен жасалған кез келген өтініш Сізді ойландыру қажет.
Жақын туыстарыңыз бен достарыңызға осындай алаяқтық фактілері туралы ескертіңіз!!!
Жинақтарыңызды өзіңізден артық ешкім қорғай алмайтынын ұмытпаңыз!!!