Найзағаймен жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және орталығында ғана антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы атап өткендей, республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, батыста, солтүстікте-бұршақ, оңтүстік-батыста, оңтүстікте – дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста тұман болады. Түнде шығыста, Жамбыл облысының таулы аудандарында 2 градус аяз күтіледі.
Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, орталығында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.