«№ 81-VII ҚРЗ 7 желтоқсан 2021 жылғы «ҚР-ның рақымшылық жасау Заңына сай,негізгі жазаның мерзімін немесе мөлшерін қысқарту»
Қылмыстық теріс қылықтар немесе онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар;Залал келтіруге әкеп соқпаған ауырлығы орташа қылмыстар жасаған не оны толық өтеген немесе олар бойынша азаматтық талап қойылмаған адамдар;Залалдың немесе азаматтық талаптың болуына қарамастан ауырлығы орташа қылмыс жасаған әлеуметтік жағынан осал адамдар.
Заңға сәйкес әлеуметтік осал тұлғаларға жатады:
Ардагерлер және «Ардагерлер туралы» Заңның күші қолданылатын басқа да тұлғалар;Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде он сегіз жасқа толмаған адамдар;Елу жасқа толған және одан үлкен әйелдер, Заң қолданысқа енгізілген күні 60 жасқа толған және одан жоғары ер адамдар;
Әйелдер, жүкті әйелдер;Ата-ана құқықтарынан айырылмаған және балалары, оның ішінде асырап алған не қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алынған, осы Заң қолданысқа енгізілген күні он сегіз жасқа толмаған не қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және сотталған кезде мүгедек баланың (мүгедек балалардың), сондай-ақ жасына қарамастан бала кезінен мүгедектің (мүгедектердің) асырауында болған әйелдер;
Ата-ана құқықтарынан айырылмаған және кәмелетке толмаған балалардың, оның ішінде асырап алынған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын не қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және сотталған кезде мүгедек баланың (мүгедек балалардың), сондай-ақ жасына қарамастан бала кезінен мүгедектің (мүгедектердің) асырауында болған ерлер;Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер.Теріс мінез-құлық дәрежесі жоқ, ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін, Заң қолданысқа енгізілген күні жазасын өтеуге бір жылдан аспайтын уақыт қалған сотталғандар негізгі жазадан босатылады.
Бұл ретте, баптың 1-тармағында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізудегі істерді адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық процесті жүргізетін орган тоқтатуға тиіс.
Жасалғаны үшін қосымша жазаны міндетті түрде тағайындау көзделетін қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар туралы соттардың іс жүргізуіндегі істер бойынша сот баптың 1-тармағында аталған адамдарды негізгі жазадан босатады.
Осы баптың 1-тармағының күші қолданылатын сотталғандар одан әрі өтеуден тек негізгі жазаны өтеуден босатылуға жатады.Бұл ретте Заңның күші қолданылмайды:Террористік қылмыстар жасағандар;Экстремистік қылмыс жасағандар не экстремизм белгілері бар қылмыстар;
Азаптаулар жасағандар;Қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған;Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылған, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған;Қылмыстық топтың, ұйымдасқан топтың, қылмыстық ұйымның, қылмыстық қоғамдастықтың, трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық ұйымның, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың, террористік топтың, экстремистік топтың, банданың немесе заңсыз әскерилендірілген құралымның құрамында қылмыс жасағандар;Оларға қатысты жаза орындалған және жазасын өтегендер;Жиынтығы кезінде олардың біреуі Заңның қолданылу аясына жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандар;
Үкімдердің жиынтығына кіретін, олардың біреуі Заңның қолданылу аясына жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандар;
Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған немесе жазаны өтеу кезінде қасақана қылмыс жасаған.
Тараз қаласының № 2 сотының судьясы Ф.Утешова