ҚР Парламент Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі мен Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса парламент төрінен Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов жұмысын Бас прокуратура тексеруін сұраған болатын.
Әділет Назарбайұлы 2022 жылы ақпанда ҚФФ президенті болып сайланды. ООның бастамасымен бұқаралық футбол, әйелдер футболы және инфрақұрылымды дамытуға арналған жобалар сәтті іске асты. Екі жыл ішінде мыңдаған бала мен жастарға футболмен сапалы алаңдарда жаттығуға мүмкіндік берген «ALAN» жобасы аясында еліміздің әр түкпірінде 13 жаңа толыққанды алаң ашылды.
2022 жылы футболдан Қазақстан құрамасы тарихында алғаш рет УЕФА Ұлттар лигасының «С» дивизионын жеңіп алды. 2023 жылы ұлттық құрама ЕУРО-2024 іріктеу кезеңінде рекордтық 18 ұпаймен тарихи көрсеткішке жетіп, Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығуға бір қадам жақын болды.
ҚФФ Жарғысына сәйкес, жаңа президент ҚФФ кезектен тыс конференциясында сайланады. Өтетін уақытын жақын арада хабарлаймыз.