• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды

24.08.2022
0
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды
185
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.

Кеңеске ведомство басшысы Ажар Ғиният, денсаулық сақтау вице-министрлері мен министрліктің департамент басшылары, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Ұлттық экономика, Қары министрліктерінің және бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиналыста ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту, ана мен бала денсаулығына қамқорлық, сатып алуды орталықтандыру және ақпараттық жүйелердің жұмысына қатысты мәселелер қаралды.

Ауыл мен қаланың денсаулық сақтау саласындағы  алшақтықты қысқартуды көздейтін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасын әзірлеу туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев баяндама жасады.

Ол жоба аясында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы жетіспейтін жерлерде медпункт, фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулаториялар салу арқылы барлық ауылдық елді мекендер медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Бұған қоса құрамында инсульт орталығы, кардиология, жансақтау, оңалту бөлімдері бар және заманауи медициналық құралдармен (КТ, МРТ, УЗИ, ӨЖЖ аппараты т.б.) жабдықталған заманауи көбейінді ауданаралық ауруханалары ұйымдастырылады.

Мәселен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге МСАК нысандарының құрылысына қажеттілікті анықтады. Қазіргі таңда ел көлемінде 655 МСАК объектісіне зәрулік бар, оның 228-і жаңадан салынады, 427-сі қазіргі объектілердің орнына салынады.

Сондай-ақ 20-сын жаңадан пайдалануға беру және бұрыннан бар 12-сін жаңғырту арқылы 32 көпбейінді орталық аудандық аурухана ұйымдастырылады.

«Көпбейінді орталық аудандық аурухананы ұйымдастыру аясында инсульт және кардиологиялық орталық, медициналық оңалту, травмотология, хирургия, жансақтау және қарқынды терапия,  триаж жүйесі бар қабылдау бөлімін ашу, сондай-ақ күрделі жөндеу жүргізіп, заманауи медициналық құралдармен жабдықтау қарастырылған», – деп атап өтті Ж.Бүркітбаев.

Өз кезегінде ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник 2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын қорғау тұжырымдамасының жобасын таныстырды.

«Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын қорғау тұжырымдамасы босандыру қызметі мен балалар денсаулығына байланысты проблемалық мәселелерді жүйелеуге, әрі оларды шешудің ортақ тәсілін қалыптастырып, тиімді әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол.

Вице-министрдің айтуынша, Тұжырымдаманы әзірлеу барысында заңнаманы, НҚА-ны жетілдіру, кадрлық ресурсты күшейту, қаржылық қызметті қайта қарау, инфрақұрылымды жақсарту, медициналық жабдықпен, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру шаралары қарастырылған.

Тұжырымдаманың бастапқы жобасында он тарау бар. Олар: мәселенің өзектілігі, ағымдағы жағдайға талдау, ана мен баланы қорғау қызметінің негізгі проблемалары, халықаралық тәжірибе; ана мен баланы қорғау қызметін дамыту стратегиясы, адамның тіршілік циклінің кезеңдерінде араласуды қажет ететін басым салалар, кадр ресурсы, инфрақұрылым, медициналық жабдық, күтілетін нәтиже, бенефициарлар, мониторинг, негізгі көрсеткіштер мен бағалау.

Кеңесте талқыланған үшінші мәселе – медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру бойынша шаралардың орындалу барысы. Ол бойынша баяндаманы «СҚ-Фармация» ЖШС басқарушы директоры Нұржан Қансұлтан жасады.

Оның айтуынша, нормативтік-құқықтық базаны даярлау, Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйесі (ЕФИС) порталында тапсырыс берушілердің медтехниканы бір орталықтан сатып алуға өтінім беру модулін әзірлеу  жұмыстары жүргізіліп, аймақтық денсаулық сақтау басқармасының мамандары оқытылған.

«СҚ-Фармация» ЖШС мен «Электрондық қаржы орталығы» АҚ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум аясында «ЭҚО» АҚ сатып алу веб-порталында медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға арналған модуль жаңартылды. Сондай-ақ EФИС порталы мен сатып алу веб-порталы интеграцияланып, Бірыңғай дистрибютор қызметкерлері веб-порталда жұмыс істеу алгоритмдері мен тәртібін  үйренді.

Қазіргі таңда Бірыңғай дистрибютор  медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алуға өтінім қабылдап жатыр. Мысалы, 2022 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша әрбір данасы 20 млн теңгеден жоғары тұратын 180 медициналық техника бірлігі сатып алынуға тиіс. Оның ішінде 159 медицина техника бірлігіне әлден өтінім келіп түскен.

Медициналық ақпараттық жүйелер инфрақұрылымының интеграциясы және жетілдірілуі жөнінде ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев баяндады.

Ол өз сөзінде зертханалық талдаулар нәтижесін сақтайтын ортақ қорды кеңейту, индикаторларға онлайн-мониторинг, «Медициналық қарсы көрсетелім» модулін құру туралы айтып берді.

«Медициналық ұйымдар арасында клиникалық деректерді алмасу сервисін жүзеге асыру клиникалық зерттеулер нәтижесіне жедел қол жеткізуге және қағазбастылықтан құтылуға мүмкіндік береді. Бұл шешім клиникалық деректі түрлі медициналық ақпараттық жүйелер арасында алмасу мәселесін шешеді», – деп атап өтті вице-министр.

Қазіргі кезде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай классифкаторы іске қосылуға таяу. Бірыңғай классификаторды дәрілік заттармен толтыру айдын аяғына дейін аяқталады. Дәрілік заттар қозғалысы үдерісіне барлық қатысушаларды осы классификаторға ауыстыру бірыңғай номенклатура енгізуге мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ КВИ-ге қарсы вакциналанғандардың бірңғай дерекқоры  құрастырылды. Ағымдағы жылы оған вакцинацияның басқа түрлерін де қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл функционал жүзеге асқан кезде, халықтың барлық ауру түрлеріне қарсы вакцинациялануына мониторинг жүргізуге, әсіресе вакцинаның бөлінісін есепке алуға мүмкіндік туады», –  деп мәлімдеді Б.Есенбаев.

Сондай-ақ алдағы уақытта «Егов.Денсаулық сақтау» деп аталатын жаңа бөлім әзірленеді. Онда халық үшін донорлық статус, электронды рецепт, медициналық қарсы көрсетілім туралы дерек, жүкті әйелдерді есепке алу және диспансеризация, госпитализация, вакцинация,  зертханалық талдау мен аурухана қағазына қатысты мәліметтер орналастырылады.

«Осылайша денсаулық сақтауға қатысты барлық ақпарат бір бөлімде жинақталып, халыққа қолжетімді болады. Азамат өзінің медициналық дерегін тез іздеп тауып алады, сөйтіп  медициналық көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етеміз», – деп атап өтті вице-министр.

Ал,  әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қазіргі жай-күйі мен МӘМС қаржысы есебінен жеткен жетістіктер жөнінде Медсақтандыру қорының басшысы Айдын Ашуев айтып берді.

«Қаржыландырудың 2 еседен артық өсуі арқасында 1 тұрғынға шығын 56 мың теңгеден 116 мың теңгеге дейін ұлғайды, тиісінше халықтың қалта шығыны 6,2%-ға кемуі байқалады.

Бұрын қаржы тапшылығын сезінген бағыттарға қосымша қаржы бөлінді. Мысалы, жоғарытехнологиялық медициналық қызметті қаржыландыру көлемі 3 есе, медоңалту мен косультативтік-диагностикалық көмек 11 есе ұлғайды», – деді МӘМС қорының басқарма басшысы.

Бұл ретте медициналық қызмет көрсететін өнім берушілердің саны едәуір артты, оның ішінде жекеменшік нысанындағы медициналық ұйымдардың үлесі 27%-дан 51%-ға дейін артты.

Стратегиялық міндеттерді орындауға келсек, А.Ашуевтің мәлімдеуінше, Қор белгіленген 7 стратегиялық индикатордың ішінде тек халықты МӘМС жүйесімен қамту деңгейіне қатысты көрсеткішті толық орындамаған.

Сақтандырылмаған халықты мелінше қамту үшін жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен мынадай бағыттар бойынша ықпалдастықты дамыту ұсынылады:

— Жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесе жұмыссыз азаматтарды анықтап, оларды еңбек етудің белсенді түрлеріне тарту;

— ҚР ІІМ департаменттерімен бірлесе шетел азаматтарын, еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерін МӘМС жүйесіне тарту бойынша жұмыс жүргізу;

— Тиісті шаралар қабылдай отырып, қамтылмаған азаматтарды есеп алу және мониторинг жүргізу.

Сонымен қатар, Медсақтандыру қорының басшысы өнім берушілермен бірыңғай  шарт жасасу және стратегиялық сатып алушы рөлін күшейту мақсатында ТМККК мен МӘМС қаржылық ағындарын біріктіру қажеттілігі жөнінде мәселе көтерді.

«Қазіргі таңда екі шарт болуы себепті, медициналық қызметкердің қызметтер пакетін басқарудан қолы босамайды,  бұл оны негізгі қызметінен алаңдатады.Нәтижесінде бұл медициналық қызмет көрсету сапасының төмендеуіне алып келеді. Оның үстіне бұл үдеріс өте қиын, әрі көп еңбек ресурсын қажет етеді. Бұл төлем құжатында пакетті анықтау кезінде жүйелі қателіктерге ұрындырады», – деп түйіндеді А.Ашуев.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

13.05.2025
Жасөспірімдер арасында өткен футболда Жамбыл облысы топ жарды!

Жасөспірімдер арасында өткен футболда Жамбыл облысы топ жарды!

13.05.2025
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

13.05.2025
Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

Ұн мен астық экспорты 34%-ға өсті – АШМ

13.05.2025
Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Тоқаев Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025
Алматылықтарға ескерту жасалды

Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

13.05.2025
«Жемқорлыққа жол жоқ»

Сыбайлас-жемқорлықпен күресудің жолдары

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты