• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Аналитикалық жаңалықтар

ҚР Бас прокуроры Жақып Асановқа жолданған сұрақтарға жауап келді

04.09.2017
0
ҚР Бас прокуроры Жақып Асановқа жолданған сұрақтарға жауап келді
173
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚР Бас прокуроры Жақып Асановқа жолданған сұрақтарға жауап келді

«TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігі қоғамда болып жатқан түйткілді мәселелер бойынша ҚР Бас прокуроры Жақып Асановқа сұрақтар жолдаған болатын. Соның жауаптарымен таныс болыңыздар.

Өзін-өзі қол жұмсайтындар көбейіп кетті, әсіресе прокуратура органдарына қызметіне наразылық көп болуда, неліктен деп ойлайсыз?

Прокуратура органдарының қызметіне келіспей өз-өзіне қол жұмсағандар саны көбейді деген пікіріңізбен келісе алмаймыз.

Дегенмен, өткен жылдың соңында жекелеген фактілер орын алғаны рас. Бұның көбісі эмоцияның жетегінде, наразылық акциясын жасау арқылы өз проблемасын шешеміз деген теріс пайымда болудың салдары. Алайда, тәжірибеде мұндай көріністер олардың өздеріне үлкен қауіп-қатер мен қайғыдан басқа ешбір нәтиже бермейтіндігі анық. Сондықтан құқық қорғау немесе сот саласында кез келген қиындыққа душар болған кезде оны тек заң шеңберінде шешу қажет екенін ескерген жөн. Өз тарапымыздан азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, құқықтық көмекті қолжетімді етіп, арыздарды жан-жақты шешу үшін а.ж. шілде айында Бас прокуратурада Құқық қорғау қызметтері орталығын аштық (бұдан әрі — Орталық). Бұл Орталықта халыққа кұқықтық көмекті тәжірибелі прокурорлар көрсетуде. Онымен қоса заңи кеңестерді бір топ адвокат, медиатор, пробациялық қызмет өкілдері береді. Бұдан бөлек Орталықта арнайы психолог маманы азаматтармен жұмыс жасауда. Осы сияқты Орталық бүгінгі таңда Ақтөбе облысында қызмет көресетуде, ал жыл соңына дейін барлық өңірлерде ашылуы жоспарланып отыр.

Заң жобасына өзгерістер енгізілді, қылмыстық істерге баса назар аударуда, себебі неде? қылмыстың көбеюінде ме? Әлде әділ сот үкімі шықпай жатқандығы ма? Сіздің пікірініз қандай?

ол Конституциядағы прокуратураның өкілеттілігіне қатысты енгізілген өзгертулерден бастау алады. Бұрын Негізгі Заңда прокуратураның өкілеттіктері нақты көрсетілмеген болатын. Қазір олай емес. Қадағалаудың көлемі мен шегі заман талабына сай прокуратура туралы және басқа процессуалдық заңдарда реттелетін болды. Енді прокуратура органдарының басты назары қылмыстық процеске бағытталмақ.
Неге десеңіз? Себебі қылмыстық процесте адамның құқықтары біраз шектеледі. Оның барысында адамдарға тінту жасалады, ұсталады, қамалады. Қылмысты ашамыз, көрсеткішімізді жақсартамыз деп, құқық қорғау органдары өз билігін асыра пайдалануы мүмкін. Ондай фактілер, өкінішке орай, бар. 2015 жылдан бері қылмысты жасырғаны үшін 51 қызметкер сотталды.
Екінші жағынан, дәлел жеткілікті болып, кінәлі адам мойындап тұрса да, қылмыстық іс айлап тергеледі. Жәбірленушілер, куәлар бар жұмысын, бизнесін ысырып қойып, біраз уақыт тергеу органдарына барып жүруге мәжбүр.
Жалпы, қылмыстық сала – күдіктіге де, жәбірленушіге де, куәларға да, олардың жақындары мен туыстарына да үлкен стресс.
Бұл орайда, қылмыстық процесті модернизациялау үшін Елбасының тапсырмасымен арнайы топ құрылып, дамыған елдердің тәжірибесі зерттелді.
Жақында құқық қорғау органдарының бірінші басшылары Литва, Эстония, Грузия, Англияға барып, прокуратураның жұмысымен танысты. Голландия, Украина, Германияның мамандары бізге келіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Шетел тәжірибесінен дамыған елдерде прокуратураның басты міндеті — қылмыстық істер бойынша заңдылықты қамтамасыз ету екендігіне көзіміз жетті. Оларда прокуратура — сот пен полицияның арасындағы мықты фильтр. Тергеудің кемшіліктерін жояды, кінәлінің әрекетін саралайды, мемлекеттік айыпты қолдайды.
Сондықтан біз де алдымызға 4 міндет қойдық:
а) тергеу органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттікті нақты ажырату;
б) сот бақылауын күшейту;
в) қорғау мен айыптаудың теңдігін арттыру;
г) қылмыстық процесті барынша үнемді ету.

Әлемде дамыған елдерде прокурорлардың жұмысы көрінбейді. Ал неге бізде бәрін прокуратураға сілтеме жасайды?

Жоғарыда аталғандай прокуратураның өкілеттілігін бекіткен Конституцияда жатыр. Онда прокуратура органдарының міндеттері және қадағалау шегі айқындалған.
Адам құқығын қорғау, заңдылықты сақтау мен құқық қорғау қызметін үйлестіру прокуратура органдарының басты міндеті болып табылады.
Халықтың прокуратура органдарына жүгініп, түйіні шешілмей жүрген проблемаларын қозғауын бізге деген артқан сенімі деп білеміз.

Бас Прокурордың теледидарды көруі және қандай бағдарламаларға басымдылық беретіндігі

жайлы сұраққа Жақып Асанов көбінесе қорытынды жаңалықтарды, аналитикалық бағдарламаларды қарағанды жөн көреді. Сонымен қатар кітап оқуға көп назар аударады.
Прокурор болған оңай ма, әлде депутат болған оңай ма деген сұрағыңызға халықтың қалаулысы болған уақытында Жақып Асанов елдің қамы үшін бір қатар жұмыс атқарып, маңызды бастамаларды көтергені көпшілікке мәлім.

Бас Прокурор лауазымына тағайындалуы Жақып Асановқа деген Елбасының тікелей сенімінің айғағы. Екі лауазым да өз кезегінде жоғары жауапкершілік пен міндет жүктейді.
Қорытындылай келе, агенттік ұжымына шығармашылық табыс тілейміз. Қалың бұқараның жаршысы болып, халықтың алғысына бөлене беріңіздер.

Ізгі ниетпен,
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі Д.Қожахметов

Тегтер: асановгенЖамбыл облысыпрокуратураТараз қаласы
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны қалай өтуде?

«Таза Қазақстан» экологиялық науқаны қалай өтуде?

25.06.2025
Түркияда «Астана LRT» бұрынғы басшысы ұсталды — ҰҚК

Алматыдағы балалар колониясынан жасөспірімдер қашып кетті

25.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады

24.06.2025
Теңге нығая түсті

Теңге нығая түсті

24.06.2025
Шуда кадрлық ауыс түйістер орын алды

Шуда кадрлық ауыс түйістер орын алды

24.06.2025
ұшақ

Қазақстандық әуекомпаниялар қай елдерге рейстерді тоқтатты?

24.06.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты кездесулер өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты кездесулер өткізді

24.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты