• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі азық-түлік қауіпсіздігі бойынша кеңес өткізді

15.07.2022
0
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі азық-түлік қауіпсіздігі бойынша кеңес өткізді
228
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылай қолдау көрсетумен айналысатын қаржы институттарының басшылығымен кездесу өткізді.

Ербол Қарашөкеевтің мәліметінше, бүгінгі күні 2022-2025 жылдар аралығына АӨК-нің 559 инвестициялық жобадан тұратын, жалпы сомасы 2,2 трлн теңгегенің пулы анықталды.

«Импортты алмастырудың бес бағытының әрқайсысы бойынша 800 миллиард теңгеге жуық сомаға 127 инвестициялық жобаны іске асыруға ерекше назар аудару қажет, өйткені бұл қосымша шамамен 14 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», – деді министр.

Оның айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша, ішкі нарықтың азық-түлік тауарларының 29 негізгі түрі бойынша қамтамасыз етілуі, оның ішінде отандық өндіріс есебінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының 19 түрі 80 және одан да көп пайызды құрап отыр.

Атап айтқанда 11 тауар позициясы бойынша ішкі нарық 100% және одан да көп қамтамасыз етілген (нан, макарон, сүт, картоп, қияр, күріш, қой еті, тауық жұмыртқасы, бидай ұны, қарақұмық жармасы, тұз), 12 тауар позициясы бойынша қамтамасыз ету 80% және одан да көп (қызанақ, сәбіз, қырыққабат, пияз,қырыққабат, бұрыш, қызылша, сиыр еті, жылқы еті, шошқа еті, сүт өнімдері, май, күнбағыс майы).

Сонымен қатар, алма (73,7%), құс еті (65,4%), шұжық өнімдері (56,4%), ірімшік және сүзбе (56%), қант (42,6%) құрайды.

2025 жылдың соңына дейін Қазақстанда 24 ет комбинатын іске қосу, 8,2 мың гектар аумаққа бақша салу бойынша 22 жоба, 20 сүт өңдеу зауытын іске қосу, 23 құс фабрикасын салу және кеңейту, жаңғырту бойынша 2 жоба және 1 қант зауытын салу жоспарланып отыр.

«Қант саласындағы жағдайға жеке тоқталғым келеді. Жыл сайын республикадағы қанттың тұтыну көлемі шамамен 532 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 7% отандық шикізат есебінен жабылып отыр. Бұл өндірістің ұсақ тауарлы болуына, суаруға арналған судың жетіспеуіне және қант қызылшасын өсіру кезіндегі қол еңбегіне, қант зауыттарының тозуы мен ресейлік өндірушілер тарапынан бағаның демпингіне байланысты болып отыр», – деді Қарашөкеев.

Бұған қоса, ол сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу, егіс алқаптарын 14,5 мың гектардан 38 мың гектарға дейін кеңейту, техникалық жабдықтау, сондай-ақ саланың инфрақұрылымын дамыта отырып, қант зауытын жаңғырту және салу жөніндегі жобаларды іске қосу есебінен жалпы өнім жинауды 332 мың тоннадан 1,8 млн тоннаға дейін ұлғайту күтіліп отырғанын атап өтті.

«Демек, қант өндірісін 7 есеге 254 мың тоннаға дейін ұлғайту, қант импортын 32% төмендету күтілуде, бұл ішкі нарықтың отандық өндірістегі қантпен қамтамасыз етілуін 7%-дан 43% — ға дейін арттыруға мүмкіндік береді», — деп қосты министр.

Ол сондай-ақ Президенттің кешегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын ескере отырып, бірқатар бағыттар бойынша жұмысты жандандыру қажет екенін атап өтті.

«Бірінші кезекте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдау қажет. Сондай-ақ, қаржы институттарының АӨК жобаларын қаржыландыруға мүдделілігі әлсіз екенін жеке атап өткім келеді. Атап айтқанда, 2021 жылы іске асырылған 285 АӨК жобасының шамамен 280-290 млрд теңге сомасына қаржы институттарынан тартылған қаражат көлемі 40% аспайды», — деп қорытындылады Ербол Қарашөкеев.

Айта кетейік, кездесуге «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Қазақ Инвест» ҰК» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ өкілдері қатысты.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстандық дзюдошылар Азия Кубогінде жүлдегер атанды

Қазақстандық дзюдошылар Азия Кубогінде жүлдегер атанды

25.05.2025
2025 жылғы Универсиадада дзюдодан қола жүлде

2025 жылғы Универсиадада дзюдодан қола жүлде

25.05.2025
Халықаралық жарыста мектеп спортшылары үздік нәтиже көрсетті

Халықаралық жарыста мектеп спортшылары үздік нәтиже көрсетті

25.05.2025
Жас футболшылар тартысты бәсекеде бақ сынады!

Жас футболшылар тартысты бәсекеде бақ сынады!

25.05.2025
Жас балуанымыз ел чемпионатында топ жарды!

Жас балуанымыз ел чемпионатында топ жарды!

25.05.2025
Биыл 6 айда электросамокаттардың қатысуымен 78 жол апаты тіркелді

Екі жас скутер айдап мүгедек болып қалды

24.05.2025
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Алматы қаласының әкімі тағайындалды

24.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты