Прокуратура Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп «Қалдықтардың Онлайн-картасын» таныстырды.
Стихиялық полигондарды уақтылы анықтау және жою мақсатында «телеграм-бот» пен «e-jambyl.kz» өңірлік геоақпараттық жүйені пайдалана отырып, цифрлық жоба енгізілді.
Жобаның мәні — қатты тұрмыстық қалдықтардың айналымы саласындағы бақылау процесін, оның ішінде тұрғындардың стихиялық қоқыс үйінділері (полигондар) бойынша түскен хабарламаларын қабылдау және өңдеу тәртібін автоматтандыру болып табылады.
Жергілікті атқарушы орган мен полиция хабарламалар бойынша стихиялық қоқысты жою, сондай-ақ құқық бұзушыларды белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
Тұрғындар хабарламаны телеграм мессенджеріндегі «taraz_tbobot» немесе адамдар көп жиналатын жерлерде хабарландыруларда орналастырылған QR-код арқылы жолдай алады.
Жамбыл облысының прокуратурасы