• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды

13.09.2019
0
Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды
525
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында облыстық мемлекеттік қызмет істері Департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Еркебаев мәлімдеді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты құру туралы идеяны алға тартты. 

Осы жоба барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашады деп көзделіп отыр. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралатын болады. 

Бұл ретте Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданған тұлғалар резервте тұрған кезеңде лауазымға міндетті түрде тағайындалуы шарт болып табылмайды. Тұлға резервте  5 жыл тұрады.

Сонымен қатар, резервте тұрған тұлғалар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында одан әрі кәсіби және тұлғалық даму үшін оқыту курстары мен тренингтерден өту мүмкіндігіне ие болады. 

Мақсат- жастар үшін ашық әрі тиімді саты құру.

Президенттік жастар кадрлық резерві  3 бағыт бойынша құрылады:

 

 

  • Лауазымдардың салалық тобы 

 

  • Министрлер, оның орынбасарлары; 
  • Республикалық маңызы бар қалалар; 
  • Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары; 
  • Квазимемлекеттік сектор компаниялары басқармаларының төрағалары және мүшелері; 

  Қызметтің бағыттары

  • экономикалық және қаржылық саясат; 
  • әлеуметтік саясат; 
  • инфрақұрылымды және қызмет көрсету салаларын, өнеркәсіпті, ауыл шару-ашылығын және қоршаған ортаны дамыту; 
  • сыртқы және ішкі саясат; 
  • құқықтық саясат. 

 

2.Басқарушылық лауазымдардың тобы 

  • Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; 
  • Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар аппараттарының басшылары; 

Қызметтің бағыттары

  • Басқарушылық бағыт. 

 

3.Өңірлік лауазымдардың тобы 

  • Облыстардың, республикалық қалалардың, астананың әкімдері; 
  • Облыстық маңызы бар қалалардың, облыс аудандарының және қалалардағы аудан-дардың әкімдері; 

Қызметтің бағыттары

  • өңірлік басқару. 

Кандидаттарға қойылатын талаптар

Құжат тапсыру кезінде жасы 35-тен аспаған жоғары білімі, 5 жылдан кем емес еңбек өтілі және ұсыным хаты бар Қазақстан Республикасының азаматы президенттік жастар кадрлық резервіне қатыса алады.

Ұсыным хат  кандидат жұмыс істейтін немесе жұмыс істеген ұйымның басшысынан; ұлттық компания, ұлттық холдинг, ұлттық даму институты басқармасының төрағасынан немесе оның орынбасарынан мемлекеттік саяси қызметшіден; орталық атқарушы органның жауапты хатшысынан, орталық немесе жергілікті мемлекеттік орган аппаратының басшысынан; ҚР Мәжілісінің, Парламент Сенатының депутатынан, облыстың, республика-лық маңызы бар қаланың, астананың мәслихат хатшысының бірінен ұсынылуы тиіс.

 

Іріктеуге Президент тағайындаған саяси мемлекеттік қызметші қатыса алмайды.

 

Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау  ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталды.

Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды. 

Кандидат 2019 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында PKRezerv.kz сайтына тіркеліп жеке кабинетіндегі деректерді толығымен толтырып, жеке куәлік, жоғары білім туралы диплом және еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесін, сонымен қатар ұсыным хаттарды енгізу қажет. 

 

Тіркеуден өте отырып, кандидат өзіне конкурсқа қатысушыға қойылатын белгіленген талаптарды сақтау, ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді қабылдайды. Барлық қажетті материалдар жүктелген болуы, тіркеу нысанын және жеке профильді кандидаттың өзі және белгіленген мерзімдерде толтыруы тиіс. 

Кандидаттың өтінімі қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, кандидат Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу кезеңдеріне жіберілетін болады. 

2019 жылдың 12 қазанынан бастап 25 желтоқсаны аралығында кандидат бес  іріктеу кезеңінен өтеді. Оның алғашқы үш кезеңі онлайн түрде өткізіледі.

Бірінші кезең. Қабілеттерді тестілеу — 2019 жылдың 12 қазаны   (онлайн)

Екінші кезең.Тестілеуді верификациялау — 2019 жылдың 19 қазаны (онлайн) 

     Үшінші кезең.Әлеуетті бағалау — 22 қазаннан бастап 3 қараша аралығында  (онлайн)

      Төртінші кезең.Сараптамалық комиссияның мүшелерімен сұхбаттасу 27 қарашадан бастап 13 желтоқсан аралығында (жеке)

       Бесінші кезең.ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы және кандидаттарды Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдау 25 желтоқсанға дейін.

 

Қабілеттерді тестілеу

«Қабілеттерді тестілеу» кезеңі кандидаттардың талдамалық және сыни ойлау деңгейін анықтауға бағытталған. Тестілеуден өтудің алдында кандидат тестілеуді өткізу тәртібімен танысатын болады. 

Тестілеу 1 күннің ішінде кандидат үшін ыңғайлы кез келген уақытта автоматтандырылған жүйеде өткізіледі.

  • Тестілеуден өту мүмкіндігі: 1 (бір) рет қана 
  • Тестілеу уақыты: шамамен 1,5 сағат 
  • Қажетті ресурстар: компьютер / ноутбук және интернет желісіне тұрақты қолжетімділік (жылдамдығы кемінде 5 мгб) 

Кандидаттан интернетке тұрақты қолжетімділіктің және тест тапсыру үшін қолайлы жағдайдың бар екендігіне алдын ала көз жеткізіп алуын сұраймыз. 

Ең жоғары нәтижелерді жинаған кандидаттар «Тестілеуді верификациялау» кезеңіне жіберіледі. 

Толық ақпаратты PKRezerv.kz сайтынан танысып көріп отыруға болады.

 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

14.05.2025
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

14.05.2025
Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

14.05.2025
Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

14.05.2025
Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

14.05.2025
Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

14.05.2025
«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты