Вице-адмирал әскери атағы Борамбаев Серік Жақсығалиұлына берілді.
Генерал-майор әскери атағы Довганюк Анатолий Андреевичке, Исабеков Алмас Тынышбекұлына, Камалов Рамиль Фаткуловичке, Манап Дәурен Мұхтарханұлына, Маралов Жеңіс Мұхамедқалиұлына берілді.
Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Бартенев Денис Валерьевичке, Құсайынов Нұржан Маратұлына, Сауранбаев Саят Әбуғалиұлына, Тоқтамысов Асхат Байбатырұлына, Ыбыраев Рустам Жиянұлына берілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы Төреханов Роман Алмаханұлына берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры арнаулы атағы Мақажанов Ернар Әбсейітұлына, Рахымов Арман Тастемірұлына берілді.
Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы Абдыханов Қуат Аманбекұлына, Югай Андрей Анатольевичке берілді.
Полиция генерал-майоры арнаулы атағы Аяғанов Сағындық Күзембайұлына, Әленов Бауыржан Төлегенұлына, Әлиев Қайыркен Жетпісбайұлына, Құсайынов Сарқытбай Зәкірұлына, Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлына берілді.
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Ақылбеков Дәулет Ертайұлына, Басшыбаев Мадияр Бекенұлына, Кәріпбеков Серік Ақмырзаұлына, Садырбеков Ғабит Амангелдіұлына берілді.