• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Cыртқы істер министрі Субраманиям Джайшанкарды қабылдады

12.10.2021
0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Cыртқы істер министрі Субраманиям Джайшанкарды қабылдады
92
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшыларының алтыншы кеңесіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Үндістанның сыртқы істер министрі Субраманиям Джайшанкарды қабылдады.

Кездесуде тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты күшейту бойынша Қазақстан мен Үндістан арасындағы көп жоспарлы байланыстарды дамытудың келешегін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Субраманиям Джайшанкармен әңгімелесу барысында Кеңеске мүше мемлекеттердің министрлерінің бүгінгі кездесуіне Үндістанның қатысқаны маңызды екенін айтып, ол елдің басшылығына Қазақстанның бастамаларына қолдау білдіргені үшін ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы министрге елімізде COVID-19-ға қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру және оған гуманитарлық көмек көрсетуге Қазақстанның қосып отырған күш-жігері туралы айтты.

Сондай-ақ Президент екі ел арасындағы әуе байланысын қалпына келтірудің маңызды екенін, бұл Қазақстан мен Үндістан арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Үндістанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық Азия өңірін ынтымақтастықтың маңызды бағыты санайтын Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модидің сәлемін жеткізді. Бұл ретте үнді дипломаты өз елінің басшылығының Қазақстан Президентін келесі жылы Үндістанға сапармен келуге шақыратынын айтты.

Әңгімелесу кезінде пандемияның салдарларын жою мәселелеріне баса мән берілді. Субраманиям Джайшанкар Қасым-Жомарт Тоқаевқа екпе сертификаттарын өзара мойындау жөніндегі елінің ұсынысын жеткізіп, Үндістанның фармацевтика және экономиканы цифрландыру салалары бойынша ынтымақтастықты жандандыруға әзір екенін атап өтті.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазақстанда 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Абу Дабидің тақ мұрагерін қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Абу Дабидің тақ мұрагерін қарсы алды

12.05.2025
Жамбыл, Түркістан, Абай облыстарында көрсеткіштері жоғары

Жамбыл, Түркістан, Абай облыстарында көрсеткіштері жоғары

12.05.2025
Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

11.05.2025
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский