• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Премьер-министр Тасөткел су қоймасын реконструкциялау барысын тексерді

Олжас Бектенов Тасөткел су қоймасын реконструкциялау барысын және Жамбыл облысында су үнемдеу технологиясын енгізуді тексерді

14.06.2024
0
Премьер-министр Тасөткел су қоймасын реконструкциялау барысын тексерді
43
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Тасөткел су қоймасын реконструкциялау барысымен және ауыл шаруашылығында қолданылып жатқан су үнемдеу технологиясымен танысты.

Үкімет басшысы аймақ үшін маңызы зор су қоймасын қарап шығып, аталған нысанда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының жай-күйін тексерді.

Тасөткел су қоймасы Шу және Мойынқұм аудандарының барлық көлемі шамамен 35 мың гектардай суармалы жерін сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ осы жерден Тасөткел ГЭС қажеттілігі үшін су беру, Шу өзенінің төменгі ағысындағы Жамбыл облысының Мойынқұм, Сарысу аудандарына және Түркістан облысының Созақ ауданына экологиялық су жіберу жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні су нысанында бөгеттің сейсмикалық тұрақтылығын арттыра отырып, реконструкциялау жөніндегі жобаның екінші кезегі іске асырылуда. Жер қазу жұмыстары, ұңғымаларды тазарту, өлшеу датчиктерін (пьезометрлерді) орнату 100%-ға орындалды. Апатты суқашыртқы жүйесі салынды, төтенше жағдай кезінде құлақтандыру және бейнебақылау жүйелері орнатылды, өткізу пункті жетілдірілді. Нысан биыл тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Премьер-Министр су инфрақұрылымы мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті.

«Еліміздегі барлық бөгет пен су қоймалары 1950-1970 жылдары салынған. Мемлекет басшысы Үкіметке 134 елді мекенде су басу қаупін азайту үшін 20 жаңа су қоймасын салуды және жұмыс істеп тұрған 15-ін реконструкциялауды тапсырды. Тасөткел су қоймасындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын екенін көріп отырмыз. Бірақ бөгеттің сейсмикалық тұрақтылығын арттыра отырып реконструкциялаудан кейін апатты суқашыртқы жұмысын сынақтан өткізу қажеттілігіне баса назар аударуға шақырамын», — деп атап өткен Олжас Бектенов Жамбыл облысының әкімдігіне Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп, сынақ жұмысын жүргізу мәселесін пысықтауды және нысандағы су деңгейін жобалық көлемге жеткізуді тапсырды.

Үкімет басшысы Ақбұлым ауылының «Шарипов» шаруа қожалығының егістігінде су үнемдеу технологиясын енгізу жұмысымен танысты. Шаруашылықтың егіс алқабының жалпы ауданы 330 га құрайды, оның ішінде қант қызылшасына 80 га бөлінген. Сонымен қатар пияз, картоп, жүгері және дәнді дақылдар өсіріледі. Жалпы жобалық қуаты — жылына 10 мың тонна өнім.

Ауыл шаруашылығы құрылымының аумағында тереңдігі 300 метрге дейінгі 11 ұңғыма орналасқан. 6 жаңбырлатқыш қондырғы жеткізіліп, орнатылды, соның нәтижесінде тамшылатып суару қазір 160 га аумақта жүзеге асырылуда.

Жалпы, ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологиясын енгізу және инфрақұрылымды жүргізу үшін Үкімет 80%-ға дейін инвестициялық субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шарасын көрсетуде. Сондай-ақ су берушілерге тікелей субсидиялар бөлу арқылы фермерлерге су беру қызметінің құны арзандатылады. Бұдан басқа, жылдық сыйақы мөлшерлемесін 2,5%-бен, 5 млрд теңгеге дейін 10 жылға дейінгі мерзімге су үнемдеу технологиясын енгізетін жобаларға несие беру көзделген.

Үкімет басшысы су үнемдеу технологиясын енгізудің және егіншілікте суармалы алқаптарды ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.

Басымдық беріліп отырған ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі — қант қызылшасы, оның егіс алқабы өңірде 10,6 мың га дейін ұлғайды. Биыл орташа өнімділігі гектарына 60 мың тонна болатын 600 мың тоннадан астам өнім өндіріледі деп күтілуде. Жиын-терім бойынша болжамдарды ескере отырып, Олжас Бектенов Жамбыл облысында қант қызылшасын өңдеудің өндірістік қуатын арттыру қажеттігіне назар аударды.

Бұдан басқа, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жамбыл облысының әкімдігіне өңірде шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес бойынша барлық агротехникалық іс-шаралардың уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: ауыл шаруашылығыЖамбыл облысыҚР Премьер-МинистріОлжас Бектеновсу үнемдеу технологиясыТасөткел
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

20.05.2025
Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

20.05.2025
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский