Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Досмырза Алашбаев, АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Шалқар Дәулетқұловтар бастаған полиция қызметкерлері аудандағы көмекке мұқтаж отбасылардың үйіне барып қайтты. Он баланың әкесі Данияр Ахметов, жалғызбасты ана Дария Тулендибаева, төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әке Полат Арзымбетов секілді тағы бірнеше Т.Рысқұлов ауданы бойынша жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүмкіндіктері шектеулі жандарға материалдық көмектер көрсетілді.
Аталмыш жақсылық жасау акциясы алдағы уақытта да жалғасын табады.
Жамбыл облысы Полиция Департаменті Баспасөз қызметі