Көктемгі демалыс кезінде полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында қылмысқа жол бермеу бойынша 90-нан астам рейд өткізді
Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көктемгі демалыс кезінде жергілікті іс-шаралар жүргізілді.
Ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда рейдтік жоспарланған іс-шаралар өткізді.
Тек 12 күннің ішінде ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 147 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін 107 ата-ана жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін сатудың 3 дерегін анықтады.
Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін 1 ата-ана жауапқа тартылды. ІІО есебіне 10 кәмелетке толмаған және 5 қолайсыз отбасы қойылды.
Өмірлік қиын жағдайда көмек көрсету үшін барлығына қатысты медициналық-әлеуметтік есеп белгіленді.
— Мектеп демалысы кезінде кәмелетке толмағандардың бос уақыты көбірек болады. Олардың сабақтары әрдайым қауіпсіз бола бермейді. Біздің міндетіміз-балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер жасаған және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, — деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.