Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен ҚР Президент Әкімшілігінің келісіммен Жамбыл облысы полиция департаменті бастығы болып Арманбек Хәкімбекұлы Баймурзин тағайындалды.
Арманбек Хәкімбекұлы Полиция генерал-майоры, 1974 жылдың 3 сәуір күні Көкшетау облысы Щучинск қаласында туған. 2012 жылдың сәуір айынан бастап 2014 жылдың қараша айына дейін – Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары. 2019 жылдың қазанынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Ақмола облысы Полиция департаменті бастығы болып қызмет істеді.
Жамбылдықтар Арман Оразалиевты сұрап еді, министр Ерлан Тұрғымбаев орнына Арманды тегі басқа Баймурзинді жіберді. Бұған дейін Жамбылға ПД бастығы болады деп “гаишник” Бақытжан Малыбаевты жібермек етін. Бірақ қоғамның теріс пікірі көп болып, оның алты ай баланы “автозакпен” алып кеткенін дүйім жұрт көрді.
Дүниеден өткен генерал Жанат Сүлейменовке кеңес беріп, қиын сәтте көмектесе алмаған, мінезсіз орынбасарларын қызметтен босату қажет шығар. Қаңтар оқиғасында бастығына дұрыс кеңес беріп, қасында болып үйіне жалғыз тастап кетпегенде генерал мүмкін тірі болар ма еді, кім білсін. Бірақ қазіргі орынбасарлардың моралдік жағынан қызметте болуларына болмайды.
turaninfo.kz