Сарысу аудандық полиция бөлімініңбасшылығы ол бейнежазбаны әлеуметтікжелілерде көріп, баланы қуантуға шешімқабылдаған. АПБ бастығы Болат Айтжанов, оның бірінші орынбасары Қанат Нарбековкішкентай балақайдың үйіне барды. Оларойыншықтар, тәттілер, полицияның жезл таяғыжәне өз фуражкасын сыйға тартты.
— Балаларға қуаныш сыйлау керемет сезімғой. Жансерік — өте ақылды бала, біз оны қолдауға әрқашан дайынбыз, — деді БолатАйтжанов.
Жансерік полицейдің қалпағын киіп, қолынажезл ұстап, өзін жол полициясы қызметкерініңорнына таныстырып, қонақтармен бірге жолқозғалысы ережелерін жаттады.
АПБ бастығы зор денсаулық, оқуда табыстілеп, балақайдың анасы Жансаяға ұлыныңполиция қатарында қызмет етуге дегенұмтылысын қолдағаны үшін алғыс айтты.
Баланың анасы полиция басшылығынакөңіл бөліп, қолдау көрсеткені, баласыныңарманын орындағаны үшін алғыс білдірді.
— Менің ұлым үшін бұл қуанышты жайткүтпеген тосын сый болды. Операция алдындаоған көптеген жағымды эмоциялар сыйлап, көңілін көтеріп кетті. Сонымен қатар, бұл жақсыоқуға үлкен мотивация болды, — деді ол.