Ағымдағы жылдың 2 сәуіріне әлеуметтік желіде Байзақ ауданы, аудан орталығы саналатын Сарыкемер ауылы арқылы өтетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автомобиль жолдары және облыстық маңызы бар «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автожолы жол бойына жол реттегіш бағдаршамдарды орнату бойынша тұрғындары тарапынан мәселе көтерілген болатын.
Осыған байланысты,партия Байзақ аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясымен осы салаға жауапты аудан әкімдігінің жауапты бөлім басшыларының қатысуымен аталған мекен-жайға шығып, арнайы зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, Сарыкемер ауылы арқылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық маңызы бар автомобиль жолдары және облыстық маңызы бар «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автожолы арқылы өтетін жол бойына жол реттегі бағдаршамның қажеттігі анықталып, комиссия мүшелері тарыпынан мәселені жеделдетіп ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін қажетті бағдаршамдарды орнату бойынша ұсыныстар беріліп, бүгінгі таңда берілген ұсыныстар толығымен орындалды.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырысы негізінде жарияланды