«Баласағұн» орталық концерт залында «Парасатты полицей 2023» байқауы өтті. Байқаудың әділқазылар алқасын, «Құрмет» орденінің иесі, жайдарманшылардың көшбасшысы Есен Елеукен бастап, Қазақстан Республикасы ІІМ Имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы, полиция полковнигі Альбина Махамбетова, Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер пен құжаттама басқармасы басшысы Ерлан Жүнісбай, ҚР ІІО ардагері Қалижан Шоңғарбаев және т.б. мүшелік етті.
Жыл сайын өтетін аталмыш байқау ішкі істер органдарындағы мемлекеттік тілдің мәртебесі мен полицей мамандығының беделін арттыруды көздейді. Дәстүрлі байқау бұған дейін елiмiздiң 13 облысында өткiзiлдi. Биылғы жылы жеребе бойынша полиция қызметкерлері шығармашылық таланттарын танытуға киелі Әулиета жерiнде бақ сынады.
Байқау нәтижесі бойынша марапаттау рәсімінде Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, генерал майор Арманбек Баймурзин, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров сөз сөйледі. Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында өтті. Жүлделі орын ІІІ орынға Астана қалалық Полиция департаментінің «Елорда қырандары» командасы, Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің «07 аймақ»; Жетісу облысы Полиция департаментінің «Қыран құс» командасы,
ІІ орынға Алматы қалалық Полиция департаментінің «Ұлы дала сақшылары», Шымкент қалалық Полиция департаментінің «Мегаполис» командасы,
І орынға Ақмола облысы Полиция департаментінің «Көкше сақшылары» командасы,
«Парасатты полицей» байқауының бас жүлдесі Қостанай облысы Полиция департаментінің «Қостанай сақшылары» командасы ие болды. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.
TURANINFO.KZ