• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Отаншыл сана

Әр адамның жол ұстазы - уақыт пен өмір. Уақыт – өмірдің мәнін ұқтырса, ал өмір – уақыттың құнын көрсетеді.

10.12.2019
0
Отаншыл сана
352
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жарас Ахан,
тарихшы

Мемлекеттің болашағы ұлттық тұтастығы мен руханиятын сақтап қалуында. Мемлекеттіліктің ұзақ өмір сүруінің мәні, ол елдің перзентінің ары мен намысында, иманында. Отанын сүйген жүрегінде, білімділігі мен еңбекқорлығында, ғылымға деген ынтасында. Пенде жаратылысынан жалығуға бейім (Абай). Ал, отаншылдықтан жалықпау — жаныңа толассыз келетін энергияда. Ол энергияны әр пенде өз иманынан алады. Біз осы мазмұнды құндылықтар төңірегінде ақылмен ойлап, жүрекпен ғана сезбекпіз.
Кез-келген мемлекеттің негізгі құраушы ұлты болады. Бұл жердің негізгі иесі қазақ. Отанның болашағы да сол ұлтқа тікелей байланысты. Данышпан Абай айтқан отаншыл «толық адамды» қалай тәрбиелейміз деген ой, бүгінгі заманның негізгі мәселесі. ХХ ғасырдың ұлы ойшылы Алберт Энштейн былай депті: «Егер бақытты, болашақты өмір сүргіңіз келсе, мақсатқа тәуелді бол». Ойшылдың ешқашан үмітіңнен айырылма, үмітсіз шайтан ғана болады деген ойы шығар. Біз қазақ бұны осылай түсінеміз. Біздің түсінігімізде қараңқылық деген болмайды, қараңқылық жарықтың түспеуінен. Мың қайғының қамалын, бір тәуекел бұзады. Кез-келген істің оңалуы, ол тәуекелге тікелей байланысты. Тәрбие-ұлттық, білім ғаламдық болуы қажет деп санаймын.
Ұрпақтың саналық рухының харекетке ұмтылуына басты кедергі – нәпсісі, еріншектігі. Данышпан Шәкәрім мұны былай тұжырымдайды:
Еріншектен – салақтық.
Салақтықтан – надандық.
Бірінен-бірі туады.
Жоғалар сөйтіп адамдық, дейді.
Өз бейнесінде келсе ақылдың қамалынан өте алмайтынын білген еріншектік, кейде адамға сабырдың тонын жамылып келеді екен. Сабырдың да өз шегі болады. «Еріншектің көп қырының бірі, адамды қоғамдағы «басқа адамдар» арқылы, «өзгелер» арқылы алдайды. «Өзгелерді» мысалға ала отырып, харекетке талпынған рухтың, ақылдың көзін байлайды (О.Жәлел)». Мұны неге айтып отырмыз. Себебі жасампаз жасты қалыптастыратын еңбекқорлығы, жалқаулығы емес. Адамдық болмысты сақтайтын руханият сөзінің түпкі мағынасы «рух». Қазақ сан ғасырдан бері ұрпағының рухын тәрбиелей білген. Төртмыңжылдан бері қазақтың мемлекеттілігінің сақталуы осыған байланысты.
Отаншылдың санада ұрпақты тәрбиелеуде рухани тақырыптар не үшін айтылуы қажет, деген сұрақ туады. Адамзат алдында «Рухани құлдырау» деген қорқыныш бар. Ең жаманы, жаман әдет адамның рухани дүниесіне білінбей кіріп, физикалық дүниесіне ауру, не кесел, не қырсық болып келеді екен. Егер адам рухын тазарта алмаса, ертең баласына, сосын немере-шөбересіне ДНК арқылы өтетіні мәлім. Келешек ұрпақтың тағдыры ата-анасының рухы мен тәрбиесінің тазалығына тәуелді деген осы.
Әлем философтарының, өткен және қазіргі кезеңнің алдыңғы қатарлы тұлғаларының сөзіне иек артсақ, ол- адамның өз-өзіне деген сенімін қайтару екен. Сана тәуелсіз, өз-өзіне сенімді болса, ондай адам кез-келген биікті бағындыруда, көздеген мақсатына жетуде кедергілерді бұзып өтпек. Ал, біз ол сенімді ұрпақтың бойына қалай құймақпыз. Ойлансақ, ұрпақтың руханиятына әсер ететін дүниелерді жасағанда пайдалы ертегіні де дұрыстап айта алмайды екенбіз. Мысалға, Қазақтың әз-Жәнібек ханы қан майданда арпалысып жүргенде Мәскеу князі III Иван идеологиямен айналысыпты. Бірақ мұны княздің өзі емес, Филофей деген шіркеу қызметшісі тындырды. Енді қызыққа қараңыз, әлгі діндар мынадай ертегі ойлап тауыпты. Ақырзаманға дейін әлемде үшінші Рим болады екен. Ол, Мәскеу. Шашыраған халықты «діндар» Филофей осыған сендірді (Р.Рамазанұлы). Бұл, адамға биік белеске ұмтылдыратын «сенім» мәселесі. Мүмкін, біз жастарға рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттағанда пайдалы ертегіні қолдануымыз қажет шығар.
Кезінде данышпан Сократ айтыпты дейді: «Мен өмір сүру үшін тамақ ішем, тамақ ішу үшін өмір сүрмеймін», деп. Біз қалай өмір сүреміз, кім үшін өмір сүреміз, отанға қызмет етуіміз үшін не істеуіміз керек, қайткенде отанның болашағын сақтап қаламыз деген ой, әр кезеңнің ұрпағының санасында болуы шарт. Бабаларымыздың түсінігенде: «Ер азаматтың үш намысы болады. Иманы, Отбасы, үшіншісі — Отаны». Шәкәрім атамыз: «келдім-қайдан, қайтсем-пайдам, өлгеннен соң не болам», деген сұрақтарға ӘР ҚАЗАҚ жауап іздеу керек дейді. Осы үш сұраққа жауап тапқан ердің ғана аты шын адам болады екен. Бабаларымыз айтқан үш намысыңды қорғау сенің адамдығыңның басты шарты.
Әр кезеңнің жастарының ойында отанды не үшін сүю керекпіз. Отан деп жанымызды ауыртудың не қажеті бар. Неге күнімізді көріп, тіршілігімізді жасап жүре бермейміз дейтін кейбір жастар бар. Сұрағы айқын болғанымен, жауабы қате. Біз жоғарыда ата-бабаларымыз айтқан ер азаматтың үш намысың бірі отаны екені айтылды. «Отанды сүю иманнан» деген хадис бар. Демек бұл хадистен түйетініміз отаныңды сүймесең иманың кемел болмайды дегенді меңзейді. Мұхаммед пайғамбар Меккеден қуылғанда, туған қаласына қарап, жылап тұрып, «мәжбүр болмасам сенен кетер ме едім, ей туған жерім» деген екен. Бұл Пайғамбардың да туған отанына деген махаббатын көрсетеді. Құран кәрімде де «сендерді ұлт пен ұлыстан жараттым, бір-бірлеріңді тану үшін» деп, ұлтты жаратушы және оған отан беруші Алладан екенін ұқтырады. Біз ата-анамыздың баласы болғанымызбен ұлттың баласы екенбіз. Әр адам дүниеге келерде екі нәрсені таңдай алмайды екен. Ол: «Отаны» мен «ата-анасы».
Өткен тарихтағы ата-бабаларымыздың түсінігінде «қараңқылық деген болмайды, қараңқылық – жарықтың түспегінен болады» деген сана орнаған. Кез-келген уақытта ұлтқа, отанға жарықты түсіру, ол ұлттың қолындағы нәрсе. Осы жерде данышпан ақын Омар Һаямның мына өлеңіне құлақ түрсек:
Жүректің түріп құлағын,
Ойланып тағы қарашы.
Кімсің сен, қайда тұрағың,
Енді қайда барасың?.
Ақынның бұл сұрақтары ұлттың жандүниесіне үндеу салып тұр. Яғни, өзіңді танып ал, содан кейін өзгені тани аласың дегенді меңзейді.
Қазақтың жанкештілігі «тән мен ақылдың» керегін бере отырып, ұрпақ тәрбиелегенде жүректің де керегін толтыра білуінде. Себебі тек тәні мен ақылдың азығын ғана беріп, жүректің азығын бермесе, онда жүрек те тыңдау сезімінен ажырайды екен (Отанға қызмет ету әр адамның отаншыл жүрегіне байланысты). Яғни, адам бұның кесірінен адамдық болмысынан айырылады. Хакім Абайдың «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деуі осыдан.
Қазақтан қаншама ақыл иелері, данышпандар, қайраткерлер шықты. Бірақ олардың басымы ұлт үшін күрес жолында мақсатына жете алмады. Тарих бізге екі мағына ұсынады: біріншісі, біз тарихтан өнеге аламыз, екіншісі, тәжірибе жинаймыз. Алайда хакім Абай айтпақшы «қазаққа қазақ дос болмаса, істеген ісіміздің бәрі бос» болмақ.
Отанымызды мәңгілік ел етуде бізге отаншылдық таным, ғылым мен материалдық байлыққа ұмтылыс аса қажет. Тарихтың талай зұлматтары қазақтың тізесін бүккізгенде, оған жалқаулығымыз бен енжарлығымыз себеп болды. Мәшһүр Жүсіп бабамыз: «Ұшқан құсты — торға түсіретінде, қашқан аңды- орға түсіретінде тамақ. Адамның жауы иегінің астында» дейді. Яғни, ішкі жалқау құлқың. Мәңгілік ел болуды армандасақ, рухымыз мықты болуы қажет.
Тарих – тек жеңімпаздарды ғана ұнатады. Мойындасаңызда, мойындамасаңызда шындық осы.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Алдағы күндердегі ауа райы

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты