Қордай ауданы Сортөбе ауылы №18 мектеп қабырғаларының жарықшақтары көрінуде.
Қордайда тура осындай жағдайда Қақпатас ауылы №30 мектепте орын алған болатын.
- Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай аудандық білім бөлімінің мәліметіне сәйкес төмендегіні хабарлайды.Қақпатас ауылындағы № 30 орта мектепте спорт залдың ұлдар мен кыздар киім ауыстыратын бөлмелерінің iргетасының отыруына байланысты қабырғалары ажырап кеткен. Орын алған жағдайға катысты аудан әкімінің тапсырмасымен жұмысшы топ құрылды. Аталған мектептің зақым келген бөлмелері жабылды және адамдардың кіруіне тыйым салынды. Мердігерге анықталған жағдай бойынша хабарлама берілді. Ақауды жою жұмыстары мердігер компания есебінен жүргізілетін болады. Қақпатас ауылындағы № 30 орта мектептің оқушылары 2021 жылдың 22 ақпанынан бастап қашықтықтан оқытылуда деп хабарлама жіберді Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Иембердиева.