• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

Қордай оқиғасына қатысты сот үкімі шықты

Айыпталушылардың қатарында ақталғандар бар

13.07.2021
0
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)
751
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 2021 жылдың 27 сәуірінде Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік туралы қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Бұл тураыы ӨКҚ алаңында арнайы брифинг өткізіліп, Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Құлтасов Берік Сайлауұлы айтты.
2020 жылғы 7-8 ақпан аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Масаншы, Бұлар батыр және Ауқатты ауылдарының аумағында жаппай тәртіпсіздік орын алды, онда зорлық-зомбылық, өртеу, дүние мүлікті қирату, жою, атыс қаруын қолдану қылмыстары орын алды.
Нәтижесінде, 10 азамат қаза тапты (тағы 1 адам жанып жатқан сауда орталығының құлауына байланысты қайтыс болды), 158 азамат пен 20 полиция қызметкері түрлі жарақат алды.
156 тұрғын үй мен сауда нысандары, 102 автокөлік құралдары бүлініп, меншік иелеріне келтірілген залал 829 848 249,91 теңгені құрады. Жамбыл облысы полиция департаментінің 10 автокөлік құралы зақымданды, мемлекетке 3 291 791 тенге залал келтірілген.
Жаппай тәртіпсіздіктердің басталуына жоғарыда аталған ауылдардың тұрғындарының арасында туындаған тұрмыстық жайлар негіз болған.
Бұған дейін, сот үкімімен бұзақылық әрекеттер мен денсаулыққа зиян келтіріп, билік өкіліне қатысты күш қолданғаны, жарылғыш құрылғыларды дайындағаны және сақтағаны үшін 6 адам сотталған.
Ал, бүгінгі қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы 2020 жылдың 08 желтоқсанынан 2021 жылдың 19 сәуіріне дейін өтті.
Оған 2 мемлекеттік айыптаушы (прокурор), 366 жәбірленуші, 16 жәбірленуші өкілі, 36 адвокат, 10 қорғаушы, 4 аудармашы қатысты.

Айып бойынша

51 адам айыпталушы ретінде сотқа беріліп, оның ішінде 33-і қамауда, 18 адам жеке кепілдік және ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен ұсталды.
Сотталушыларға түрлі, соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылды:
1) ауырлататын мән-жайлармен адам өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жаза көзделген),
2) құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қолсұғушылық жасау (15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жаза көзделген),
3) жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, қүш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғаларын қолдаумен, сондай-ақ билік өкіліне қарулық көрсету (3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жаза көзделген),
— қарақшылық жасау (7 жылдан 12 жылға дейін немесе 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жаза көзделген)

Тараптардың позициялары

Прокурорлар 23 адамға бас бостандығынан айыру, қалғандарына шартты түрде немесе бас бостандығынан шектеу түрінде жаза тағайындауды сұраған.
Жәбірленушілер -адам өлтіргендерге қатаң жазалау, басқа қылмыстар бойынша соттың қарауына немесе кешірім берген.
24 сотталушы өз кінәсін толық мойындаса, 10-ны өз кінәсін ішінара мойындап, 17-сі өз кінәсін мүлдем мойындамаған.

Сот шешімі

Сот, заң мен сот алдындағы теңдік принципін басшылыққа алып, жиналған дәлелдемелер негізінде және қылмыстық заңда көзделген жаза шегінде келесі шешім қабылдады:
50 адамды кінәлі деп танып, 1 адамның кінәсінің дәлелденбеуіне байланысты оны ақтады (жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін).
Сотталушылардың кінәлары жәбірленушілердің, куәлардың, медициналық, трассологиялық, биологиялық, молекулярлық-генетикалық, филологиялық, өрт-техникалық сараптамалардың қорытындыларымен, бақылау камераларының бейнежазбаларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің қортындыларымен толық дәлелденген.

Сотпен зерделенген дәлелдемелер және тағайындалған жазалар туралы
Келесі сотталушылар қасақана адам өлтіру және полиция қызметкерлерінің өмірлеріне қолсұғұшылық қылмыстарын жасаған:
Сотталушы Ботабасов Д. мылтықпен адамдар тобына дәлдеп оқ атып, нәтижесінде үш адам қаза тауып, 4 жәбірленуші зардап шеккен.
Ол жаппай тәртіпсіздікке қатысып, үш адамның өліміне, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Сотталушы Токобай М. автокөлікпен қасақана бір топ адамды басқан. Нәтижесінде жәбірленуші Кииров Я оқиға болған жерде қайтыс болып, үш жәбірленуші әр-түрлі дәрежелі дене жарақаттарын алған.
Сотталушы Токобай М. жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны, адам өлтіру және екі адамнан көп адамды өлтіруге оқталғаны, атыс қаруымен заңсыз әрекеттерді жасағаны үшін 17 жылға бас бостандығынан айыру жаза тағайындалды.
Сотталушы Карибаев М жәбірленуші Х.Идызовты автокөлікпен қасақана басып, нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.
Карибаев М. жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және адам өлтіргені үшін 16 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жаза тағайындалды.
Сотталушы Солтанаев М мылтықпен қасақана дәлдеп бір топ адамға оқ атып, нәтижесінде жәбірленуші Ясыров М.Г. оқиға орнында қайтыс болған.
Сондықтан оған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны, адам өлтіру және атыс қаруымен заңсыз әрекеттерді жасағаны үшін 17 жылға бас бостандығынан айыру жаза тағайындалды.
Сотталушылар Сангуй Щ және Чешанло Ю. бір топ адам болып, қасақана адам өлтірген.
Сангуй Щ жәбірленуші Әбдіракымның кеуде тұсына айырмен бірнеше рет ұрып, ал сотталушы Чешанло Ю. жәбірленушінің басынан темір таяқшамен соққан. Ал басқа сотталушылар Кимуров И., Хижин И. және Хижин М. қолдарымен ұрып аяқтармен тепкілеген.
Сараптама қортындысы бойынша, жәбірленуші айыр және темір таяқшамен соққы алғандықтан қайтыс болған. Басқа сотталушылардың келтірген дене жарақаттары, өлімге негіз болмаған.
Сотталушылар Сангуй мен Чешанло жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және адам өлтіргені үшін 16 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал сотталушылар Кимуров., Хижин И. және Хижин М. адам өлтіру айыбы бойынша ақталып, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін сотталды.
Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттерді тоқтату барысында, сотталушы Дауров Э полиция қызметкерлеріне мылтықпен екі рет оқ атып, нәтижесінде төрт полиция қызметкерлері жарақат алған.
Э.Дауров жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және полиция қызметкерлерінің өміріне қолсұғушылық жасағаны үшін 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қалған сотталғандар бойынша шешім:

1 адамға жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны, атыс қаруымен заңсыз әрекеттерге және кісі өлтіруге жәрдемдескені үшін, 15 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
1 адамға жаппай тәртіпсіздіктерге, тонау, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшердегі қарақшылық шабуылға, суық қарумен заңсыз әрекеттерге қатысқаны үшін, 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
1 адамға жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны, аса ірі көлемдегі қарақшылық шабуыл жасағаны үшін, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
9 адамға жаппай тәртіпсіздіктерге шақырып және қатысқаны үшін, бөтен мүлікті өртеуге, сондай-ақ тұрғын үйлерге заңсыз кіру жолмен бөтен мүлікті ұрлағаны үшін, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
31 адамға жаппай тәртіпсіздіктерге шақырып, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін, тұрғын үйлерге заңсыз кіру жолымен бөтеннің мүлкін жасырын ұрлағаны үшін және келтірілген залалды өтегені үшін 5 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айырып, тағайындалған жаза шартты деп есептеліп және бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды ( 24 адам шартты түрде бас бостандығынан айыруға және 7 адам бас бостандығын шектеуге жаза тағайындалған).
Жаппай тәртіпсіздіктер барысында адамдардың қаза болуына әкеп соққан ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны, оларға белсенді қатысқаны, оның ішінде қару қолданып, тонау мен қарақшылық шабуылдар жасағаны үшін 19 адамға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан, алайда кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінгені және залалды өтеуге шаралар қабылдағаны үшін, 31 адамға қоғамнан оқшаусыз, яғни шартты түрде немесе бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары шешілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Тегтер: АЛИЕВ САПАР БЕЙСЕХАНОВИЧАЛМАХАМБЕТ НҰРБОЛ АСЛАНҰЛЫАСКАРБЕКОВ АЯН БАТЫРХАНОВИЧАУБАКИРОВ АЛМАС БОЛАТБЕКОВИЧӘЛІМБАЙ АҚЖОЛ ЕРБОЛҰЛЫБАЖАНОВ АДЛЕТ УСЕМБАЕВИЧБАЙКЕ РИНАТ КУРМАНГАЗИЕВИЧБАЙТЕНОВ ЕРИК АЛИМКУЛОВИЧБАЛГАБЕКОВ ТУЛЕГЕН БАЗАРБАЕВИЧБОТАБАСОВ ДЖУМАХАН МАМУРХАНОВИЧДАУРОВ БЕКИР ЯСЫРОВИЧДАУРОВ ЭРСА МУХАРМЕЕВИЧДЖУНУСОВ МАДИЯР БАКЫТОВИЧЖАМАШ САЯН САПАРБЕКҰЛЫЖАНЫБЕК БАҚЫТЖАН ЖОЛДАСБЕКҰЛЫИБРАИМОВ БАХЫТБЕК ТУРСЫНБЕКОВИЧИМАМБАЕВ НУРЖАН МЫКТЫБЕКОВИЧИМАНГАЗИЕВ РИНАТ ЖЕКСЕНАЛЫЕВИЧИШКЕЕВ САГЫНТАЙ ЧАТЫРБАЕВИЧКАЛНИЯЗОВ ДАСТАН СЕРИКБАЕВИЧКАЛНИЯЗОВ ЕСЕТ СЕИЛБАЕВИЧКАРИБАЕВ МАРЛЕН КАЛМАХАНБЕТУЛЫКИБЕКОВ МУРАТ БАЙЖАНОВИЧКИМУРОВ ИСЛАМ АБДУЛАЕВИЧқордай оқиғасыМАЖИРАЕВ МАКСАТ ДЖУРЕРУЛЫМАКСУТОВ БАХЫТ ТЛЕУБЕРГЕНОВИЧМАУРОВ ШАКИР РАМАЗАНОВИЧМАШАНЛО АЙДИР СУАЛИЕВИЧМИНЖАСАРОВ ЖАСУЛАН АЛИМХАНОВИЧМҰХТАРҰЛЫ ҚҰДІРЕТНҰРДӘЛІ ЕЛДАР БЕРДІБЕКҰЛЫОРАЗАЙ АНУАР ЖАНАТҰЛЫСАНГУЙ ЩИМАР ГУБАРОВИЧСАРОВ ХАРКИ РАХИЕВИЧСАРСЕНБАЕВ КУАНЫШ ДОСОВИЧСЕЙЛХАНОВ ДИДАР ДУЙСЕНБЕКОВИЧСЕРИКОВ АЗАМАТ СЕРИКОВИЧСОЛТАНАЕВ МАКСАТ ЖАНАМАНОВИЧТЕЛЬГАЗИЕВ РУСЛАН КАНАТБЕКОВИЧТОҚОБАЙ МЕДЕТ ТАЛҒАТҰЛЫТОРЕЕВ АЗАМАТ КАНАТОВИЧТӨКЕН МЕЙРАМБЕК РАШИТҰЛЫУШИРОВ ИСМАР ШИМАРОВИЧХАРСАНОВ ШАМИЛЬ БАГИРОВИЧХИЖИН ИСМАР ШИСЫРОВИЧХИЖИН МУХАРМЕ ЩИМАРОВИЧЧАРАБАС МАҚСАТ ҚОЙШЫБЕКҰЛЫЧЕШОНЛО ЮБУР ДАУЕВИЧШИНХУ ЮСУП МУСАЕВИЧШОГЕЛОВ РОЛАН БОЛАТОВИЧЮНХУ ЗАКИР ЭРСМАНЕЕВИЧ
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Алдағы күндердегі ауа райы

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты