«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Тұрғындар мен жастар арасында діни салауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді іс щаралар ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мемлекеттік дін саясатын жүргізу мақсатында республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі,«Нұр-Мубарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы, Қазақстан мұсылмандары дәни басқармасы «Ғұламалар кеңесінің» мүшесі Бауыржан Әлиұлы, ҚМДБ РАНТ мүшесі, Тараз қаласы «Хазіреті Әли» мешітінің имамы Ғазиз Ахмет, PHD доктор, «Нұр-Мубарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Асқар Акимханов, Облыстық «Хибатулла ат-Тарази» мешітінің наиб имамы Бақтияр Әміреев, Қордай аудандық мешітінің наиб имамы Даурен Құттыбаев іс шаралардың құрметті қонағы болып, сүбелі сұхбат жүргізіп, тұрғындардың көкейлерінде жүрген сауалдарын қоя алды.
Шақырылған қонақтармен кездесулер Қордай ауылы, «Рахман» мешіті, «Қордай» мешіті,Қарасай ауылы ауылы, «Қарасай баба» мешіті, Масаншы ауылы, «Al-Jalil» мешіті, Сортөбе ауылы, «Мисбахул Ислам» мешіті, Булар батыр ауылы, «Булар Батыр Иман» мешіті, Қақпатас ауылы, №30 Қақпатас мектебі, Отар ауылы, ауылдық мәдениет үйі, Кенен ауылы, ауылдық мәдениет үйі, Бетқайнар ауылы, ауылдық мәдениет үйі, Қаракемер ауылы, ауылдық мәдениет үйлерінде өтті.
Барлығы 400 ден астам бенефициар қатысты.