• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Қордай ауданындағы тіршілік ақпандағы оқиғалардан кейін қалай өзгерді

12.11.2020
0
Қордай ауданындағы тіршілік ақпандағы оқиғалардан кейін қалай өзгерді
375
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қордай ауданы бізді жылы және шуақты ауа-райымен қарсы алды десек, бұл тіршілігі жылдам әрі тек жағымды өзгерістерге толы жергілікті тұрғындардың шырайлы көңіл-күйімен керемет үйлесім тауып тұрғандай әсер кештірді.

Бүгінде Масанчи ауылындағы жағымды көріністерге қарап, ақпан айындағы тәртіпсіздіктерден ешқандай із қалмағанын байқауға болады. Жергілікті атқарушы органдар мен жай ғана жанашыр адамдардың көмегімен ауыл тұрғындарының тұрғын үйлері мен әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандары толығымен ретке келтірілген. Айталық, төрт баланың әкесі, 43 жастағы жүк  көлігінің жүргізушісі Абдурашид Багиев қайта қалпына келтірілген өз үйіне көшіп үлгерген.

Суретте: Масанчи ауылының тұрғыны Абдурашид Багиев отбасымен бірге

— Мен еліміздің Президентіне, барлық қамқор қазақстандықтарға көрсетілген көмек үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Менің әкем де, мен де  осында дүниеге келдік. Біздің Отанымыз — осы, — дейді А.Багиев.

Абдурашидті ауылдасы Юсуф Паров та қолдап, өзінің де тіршілігі қалыпты күйге оралғанын жеткізді.

Суретте: Масанчи ауылының тұрғыны Юсуф Паров

— Көмек қолын созғандардың барлығына — билікке де, қарапайым тұрғындарға да алғысымыз шексіз, — дейді ағынан жарылып Ю.Паров.

Қазіргі таңда балалар мен жастардың жиі шоғырланатын орнына айналған Масанчидің орталығында тіршілік қыза түскен. Мұнда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен, жергілікті балаларға арналған ойын алаңы ашылған. Алаң әткеншектер, сырғанақтар және швед қабырғалары мен беседкалармен жабдықталған. Оның қасындағы заманауи шағын футбол алаңқайы да жасөсіпірімдердің игілігіне жарауда.

Суретте: Масанчи ауылындағы спорт және ойын алаңқайы

Оған жақын маңда көрші Масанчи және Қаракемер ауылдарының ақсақалдары жастарды бақылап, жайма-шуақ әңгіме-дүкен құруда.

Суретте: Қаракемер және Масанчи ауылдарының ақсақалдар кеңесі

— Масанчиге қош келдіңіздер! — деп ауылдық округтің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Дыдыр Двумаров бізді жылы қарсы алды.

Кейінгі айларда біз үлкен өзгерістерді бастан кештік. Көшелердің барлығы дерлік асфальтталып, интернетпен қамтылып, мәдени, білім беру және спорт нысандары салынуда. Газ тартылып, дүкендер мен үйлер қалпына келтірілді. Әсіресе, біз, аға буын жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында, мемлекеттік тілді құрметтеу және үйренуге тәрбиелеудеміз. Қазақ тілі біздің балаларымызға үлкен мүмкіндіктер ашады.

Суретте: Дыдыр Двумаров, Масанчи ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Оның Қаракемер ауылындағы әріптесі Ерғазы Бозшаев та бауырлас халықтар арасындағы тығыз қарым-қатынас туралы атап өтті.

— Біз әрқашан бейбіт өмір сүріп келдік және алдағы уақытта да тату-тәтті тіршілігіміз жалғаса береді. Біздің бөлісе алмай жүрген ештеңеміз жоқ, — деп сенім білдірді Ерғазы ата.

Қарияларға қарап, бұл жай айтыла салған сөз емес екенін сезінесіз. Сыйластығы жарасқан қарттар өзара ұзақ әңгімелесіп, ортақ істерді талқылады. Олар ауыл жастары үшін футболдан жолдастық кездесу ұйымдастыру, ауыл тұрғындарымен кездесу секілді игі істерді жоспарлап отыр. Ақсақалдар бір-бірін құшақтап, ізгі тілектерін айтып, әсерлі тарқасты.

Суретте: Қаракемер ауылындағы тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары

Айтпақшы, Қаракемер ауылында жас мамандарға арналған екі пәтерлі 10 үйдің құрылысы аяқталуда, 16 көшеге асфальт төселіп, дәрігерлік амбулатория бой көтерді, су құбыры қайта жаңартылды, газ құбыры тартылуда.

Суретте: Қаракемер ауылындағы көшелерді абаттандыру жұмыстары

Қордай ауданының білім беру саласы да басқа салалар секілді, нағыз оң өзгерістерді бастан өткеруде. Мұның жарқын мысалы ретінде Масанчи ауылында салынып жатқан 600 орындық қазақ және орыс мектебі. Бүгінде негізгі ғимараттың қабырғалары тұрғызылып үлгерген, нысанның екінші ғимараты салынуда, оларды өзара үйлесімдегі галереялық құрылыс байланыстырады. Құрылыс 2021 жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде.

Суретте: Масанчи ауылында мектеп құрылысы

— Бұл білім ошағының ашылуымен Масанчи ауылындағы мектептердің жүктемесіне қатысты мәселе шешілмек. Білім беру мекемесінің құрылысынан басқа, 41 көше асфальтталып, балалар мен спорт алаңдары жабдықталды. Газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Магистральдық газ құбыры тартылып, енді кварталішілік желілер орнатылуда. Бүгінгі күні 140 үй көгілдір отынды тұтынуға дайын. Біз газға қосуды қарашаның екінші жартысына жоспарлап отырмыз, — дейді Масанчи ауылдық округі әкімінің орынбасары Хусейн Булар.

Суретте: Биыл Қордай ауданының 22 ауылының тұрғындары газбен қамтылады

«ҚазТрансГаз» Ұлттық операторы Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, 73 шақырым газ құбырын тартты. 3,7 млрд. теңге инвестициялық бағдарлама есебінен «ҚазТрансГаз» компаниясы алғашқы 42 шақырым желіні жүргізіп, нәтижесінде Өтеген және Қарасу ауылдарының тұрғындары газға қосылды.

Өтеген ауылындағы тоғыз жасар Нұрсұлтан анасы Айгүл Абдулдаеваның газ оттығын абайлап тұтатып жатқанын қызығушылықпен тамашалауда. Биология пәнінің мұғалімі осы сәтті үйге келін болып түскен кезден, яғни жиырма жылдан бері күткен. Бүгінде ол ала таңнан отын мен көмір дайындап, жұмыстан кейін үйге асығып, пеш жағып, суық үйді жылыту секілді бейнетті жұмыстарды ұмытқан.

Суретте: Өтеген және Қарасу ауылдарының тұрғындары қазірдің өзінде көгілдір отынды қолдануда

Жолдасы бақиға аттанған Айгүл жалғыз өзі төрт бала тәрбиелеп отыр. Көгілдір отынға қол жетуімен көптеген мәселелердің шешілгенін жеткізді. Сонымен бірге 233 ауланы құрайтын аталған ауылдың 24 отбасы да табиғи газға қосылып үлгерген.

Суретте: Айгүл Абдулдаева отбасымен бірге

«Жұмыстар жүргізілуде, көрші Қарасу ауылында 1018 үйдің 127-сі газдандырылды, мердігермен жасалған келісім-шартқа сәйкес үйге құбыр жеткізудің жалпы құны 350 мың теңгені құрайды. Тұтынушы бастапқы төлем ретінде 100 мың теңге төлейді, қалған соманы айына 25 мың теңгеден 10 айда бөліп төлейді. Шарттары өте ыңғайлы, адамдар оны тиімді пайдалануда, — деп атап өтті Қарасу ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Рая Жасыбаева.

Бір-екі аптадан кейін орталықтандырылған су құбыры жұмыс істей бастайтын Арал ауылының тұрғындарын да жақсы жаңалықтар күтіп тұр. Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде су қабылдағыш нысанының құрылысы мен құбырларды жүргізу жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында басталған, мердігер «ТемірСтройСервис және К» ЖШС Тәуелсіздік күніне дейін суға қосуға уәде беріп отыр.

— Біз 20 шақырым құбыр тартық, бірінші және екінші көтермелі сорғы станцияларын орнаттық, қазіргі уақытта аумақты абаттандыру және жарықтандырумен айналысудамыз, — деді «ТемірСтройСервис және К» ЖШС  инженер-сметашысы Жалғасбай Ұлымбетов.

Суретте: Әлжан ана ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы

Сондай-ақ, құрылысына 321 миллион теңге бағытталған Әлжан ана ауылындағы спорттық-сауықтыру кешені де Тәуелсіздік күніне дейін пайдалануға берілмек. «Агроспецстрой» ЖШС басшысы Қайрат Нартбаевтың айтуынша, ішкі жұмыстардың 95 пайызы аяқталып, резервтік дизель генераторы орнатылған. Тарату шкаф пунктін құру үшін арнайы мамандар тартылған.

— Ауа-райы әзірге құрғақ және жылы болып тұр, осыны пайдаланып аумаққа асфальт төсеу жұмыстарын орындап үлгеруіміз керек, — деп қосты құрылысшы.

Суретте: Қордай ауылындағы тұрғын үйлердің құрылысы

Аталған компанияның тағы бір өкілі, бас директордың орынбасары Нұрлан Серікбаев журналистерге аудан орталығының «Батыс» алқабындағы 60 пәтерлік үш үйдің құрылысы туралы айтып берді. Құрылыс кестеге сай жүргізілуде десек, ағымдағы жылдың 23 желтоқсанынан кешіктірілмей тиісті тұрғындар қоныс тойын тойлайды деп күтілуде. Екі үй де ауданы 65 шаршы метрден аспайтын,  төртінші жайлылық класындағы бір, екі және үш бөлмелі пәтерлерден тұрады. Құрылыс басында 200-ден астам адам тер төгуде, олардың жартысы жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы қамтылған. Тек қана қазақстандық құрылыс материалдары қолданылуда. Үйлер 85-90 пайызға дайын. Демек, жыл соңына дейін кезекте тұрған 1542 адамның бірқатары жеке баспаналы болады деп сеніммен айта аламыз.

Өркениет игіліктері Әлжан ана ауылының Т.Рысқұлов атындағы №23 орта мектебінде де кеңінен қолданылуда. Білім ордасы Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен.  Техникалық қадағалау өкілі Емен Киікбаевтың айтуынша, жұмысшылардың жетіспеушілігі мәселесі туындаған.  Дегенмен жұмыстар ойдағыдай аяқталуда, оқу орны әкімшілігінің жұмыс сапасына көңілдері толады.

—  Мектеп ашылғаннан бері, яғни 1972 жылдан бастап күрделі жөндеу көрмеген. Енді бастауыш сынып оқушылары ашық және кең кабинетте білім алатын болады. Барлық еңбек ұжымының, оқушылар мен ата-аналардың атынан Мемлекет басшына осындай тарту үшін алғыс білдіремін, — деді Әлия Бәйгелова қуанышты көңіл күймен.

Ал Сортөбе ауылындағы «Бүлдіршін» балабақшасының меңгерушісі Айша Идыбо мұндай мектепке дейінгі білім беру мекемесі өзге аудан орталықтарында жоқ екенін мақтанышпен айтады. Сондай-ақ, ол Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнген этномәдени орталығы қауымдастығының төрағасы қызметін қоса атқарады. Бүгінгі таңда қауымдастық дүнгендер арасында белсенді түрде  мемлекеттік тілді кеңінен насихаттап,  үйретумен айналысуда.

Суретте: Масанчи және Сортөбе ауылындағы тұрғындардың басым бөлігі қазақ тілін меңгеруде

— Сортөбе ауылындағы 110-ға жуық тұрғын екі айлық қазақ тілін меңгеру бойынша курсқа қатысуда, оның ішінде мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері мен техникалық қызметкерлері, кәсіпкерлер және имамдар, сондай-ақ, үй шаруасындағы әйелдер де бар. Бізге Тараз қаласындағы «Тілдерді оқыту» орталығынан мамандар арнайы келіп, нәтижесінде біз тілді бастапқы дейгейде меңгеріп шықтық. Ары қарай да оқуды жалғастырсақ дейміз, өйткені, ниет білдіріп отырған жандар көп. Алайда, қараша айына жоспарланған оқу курсы келесі жылдың қаңтар айына ауыстырылды.

Суретте: Ағымдағы жылы қазақ тілінде оқытатын сыныптардың саны артты

— Балабақшаларда ата-аналардың сұранысы бойынша қазақ тілінде оқытатын топтар көбейді. Мәселен, бізде осы уақытқа дейін 7 орыс тобы және 5 қазақ тобы болса, қазір керісінше – жеті қазақ тобы мен 5 орыс тобы құрылып отыр. Тағы да қайталап айтамын: бұл өзгерістердің барлығы ата-аналардың сұранысына сай іске асты, — деп атап өтті Айша Люшировна.

Аудан әкімі Рүстем Дәулет атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып берді.

— Сіздер атқарылған жұмыстардың бірқатарын ғана көрдіңіздер. Бірақ бұл, менің ойымша, жүргізілген жұмыстың ауқымын көрсету үшін жеткілікті. 392 жобаны іске асыруға 35 миллиардтан астам теңге бағытталды, бүгінде олар 95 пайызға дайын. Бұл жобалар қордайлықтар өмірінің барлық салаласын қамтиды. Атап айтсақ, газбен және сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй және жол құрылысы, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру, білім беру, денсаулық сақтау, спорт салалары бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл аудан тарихында алғаш рет 22 ауылдың тұрғындары газбен қамтылуда. Сонымен қатар, Тілдерді оқыту орталығы, имамдар үйі ашылды. Бес ауылдық округте қоғамдық кеңестер құрылып, олар қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға өз үлестерін қосуда, — деп түйіндеді Рүстем Дәулет

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
Аида Балаева

Балаева #Анағақұрмет пост жазу эстафетасын бастады

10.05.2025
Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

10.05.2025
Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

10.05.2025
Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

10.05.2025
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты