Атап айтқанда, Ноғайбай ауылы балаларының игілігіне шағын футбол және «Street workout» алаңы берілді.
Қордай ауылының шағынаудандарында да 2 су жаңа шағын футбол алаңы ашылды.
Бұл күні мерекеге орай жас жеткіншектерге спорттық құрал-жабдықтар тарту етіліп, шағын футболдан жолдастық кездесу өткізілді.
Айта кетейік, шағын футбол алаңшаларының құрылысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Жыл соңына дейін тағы 5 шағын футбол алаңы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Жамбыл облысында ағымдағы жылы 12 спорт кешенін пайдалануға беру жоспарланған десек, оның төртеуі ел игілігіне табысталды.
Бұдан бөлек, 45 спорт алаңы ашылды (жоспар – 74).
Биыл халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейін 66%-ға (2023 ж. — 64,9%), дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесін 41%-ға (2023 ж. — 40,2%) жеткізу жоспарлануда.