Аталған заңсыз ақшалай сыйақы «ХШЫО Қорғас» кеден бекетінің жетекші маманы – қызметкер «И»-ге ұсынылған. Алайда қызметкер парадан бас тартып, құқық бұзушылық туралы уәкілетті органдарға жедел хабарлаған.
Мемлекеттік қызметкердің бұл әрекеті – қызметтік міндеттерге адалдықтың, жауапкершіліктің және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктің жарқын үлгісі.
Айта кету керек, мұндай алғашқы жағдай емес. Бұған дейін, 2024 жылы желтоқсан айында осы кеден бекетінің басқа қызметкері де пара беру әрекеті туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлаған болатын.
Мемлекеттік кірістер комитеті ескертеді: пара беру – ауыр қылмыс, ол үшін ірі көлемдегі айыппұлдар мен бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жауапкершілік көзделген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бұл мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Мемлекеттік қызметшілердің осындай үлгілі әрекеттері мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға және әділетті, ашық мемлекеттік басқаруды дамытуға ықпал етеді.
Мемлекеттік кірістер комитеті