Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен байрақты бәсекеге әлемнің 15 елінен 200-ден аса спортшы қатысты.
Қазақстан Қарулы күштерінің қызметкері Марина Седнева 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, үш жекпе-жекте де жеңіске жетті. Оның бірінші қарсыласы — отандасы Зульфия Яхьярова, екіншісі — түрік спортшысы Мелда Дернекч болды. Канадалық Лорена Карла Годинес Гонсалеспен болған соңғы жекпе-жекте Марина Седнева 1-3 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
Турнир Орталық спорт клубының әскери қызметшісі әлем чемпионатының күміс жүлдегері ефрейтор Жәмила Бақбергеноваға да сәттілік әкелді. 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол алдымен итальяндық Далму Каневті жеңді. Екінші жекпе-жекте үндістандық спортшы Ритика Ритиканы 4-0 есебімен жеңіп, алтын медаль алды.
— Жәмила мен Марина өнер көрсететін салмақ дәрежелері Олимпиада бағдарламасында жоқ. Жақын арада іріктеу жарыстары басталады XXXII жазғы Олимпиада ойындары Парижде өтеді. Сондықтан Маринаның 53 келіге дейінгі санатқа көшуін жоспарлап отырмыз, Жәмила 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін болады, – деді Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубы еркін күрес командасының бастығы кіші сержант Нұрдәулет Көктекбаев.
Осылайша, армия спортшылары Марина Седнева мен Жәмила Бақбергенова Қазақстан Қарулы күштерінің қоржынына екі алтын медаль салды.