2-5 маусым аралығында Қарулы күштердің дайындық жоспарына сәйкес еліміздің бірқатар өңірінде әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік әзірлігін тексеру бойынша іс-шаралар өтеді.
Тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде бөлімшелерді дабыл бойынша көтеру, әскери техника лектерінің тұрақты орналасқан жерінен оқу-жаттығу аудандарына, полигондарға және оқу орталықтарына қозғалысы жоспарланған.
«Жаттығулар тек оқу мақсатында өткізіледі. Ондағы мақсат – жауынгерлік дайындық деңгейі мен жеке құрамның іс-қимыл үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ, бөлімшелерді басқарудағы командирлік дағдыларды жетілдіру. Әскери техниканың қозғалысы барлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, қатаң бекітілген бағдарлар бойынша жүзеге асырылады. Азаматтарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, барынша сабырлы болуға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз», — деп жазылған хабарламада.