Бүгін білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі аясында «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын іске асырудың өзекті мәселелері туралы» секциялық кеңес өтті.
Онлайн бейнеконференцияда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын іске асырудың өзекті мәселелері қарастырылды.
Көтерілген мәселе бойынша Білім басқармасы басшысының м.а. Т.Жамаловтың «Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметін жақсарту жөнінде қолданылатын шаралар туралы» баяндамасы тыңдалды:
-Балалардың құқығын және мүддесін қорғау секторының өкілдері ағымдағы жылда 2806 – ға жуық сот мәжілісіне қатысып, әр іске балалардың мүддесін қорғау мақсатында қорытынды берді.Сонымен қатар, бала қонақтайтын отбасына алу үшін 28 келісім-шарт жасалынды.2052 үй-тұрмыстық жағдайын зерделеу туралы акт жасалды. 2841 өтініштер келіп түсіп, қаралды. 2021 жылы — Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау қызметіне — 363 бала орналастырылды. Оның ішінде сот шешімі негізінде арнайы мектепке — 9 бала, қолдау қызметіне — 10 бала, ата-анасына — 316 бала қайтарылып, 28 – бала әлеуметтік дәрежесі анықталғанға дейін орналастырылып орталықта тәрбиеленуде. Облыста балалар үйлері түлектерін бюджеттік негізде 100 пайыз арнаулы және жоғары оқу орындарына орналастыру үрдісі қалыптасқан. Бүгінгі күні облыста 0-ден 17 жасқа дейінгі 442276 бала бар екенін ескере отырып, орта есеппен 1 маманға 31592 мыңнан астам бала келеді. 5 мың балаға 1 маман есебінен қазіргі таңда қорғаншылық пен қамқоршылық функциясын атқаратын мамандарға қажеттіліктің бар екені анық.
Сонымен қатар, аталған кеңеске Қосымша білім беру, тәрбие және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас мамандары М. Керімбеков пен Е. Таткеев қатысты.
Кеңес соңында бірқатар ұсыныстар айтылып, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы