Жамбыл облысында Сарысу ауданының прокуратурасы талдау жүргізу барысында пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 2 710 га болатын 5 ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінанықтады.
Жер учаскелерінің жалпы кадастрлық құны 15 млн теңгеден асты. 2022 жылы жергілікті атқарушы орган ауданда қызметін жүзеге асырмаған серіктестікке жер учаскелерін бергені белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесімен жер мемлекеттік жер қорына қайтарылып, ауылдық округтердің тұрғындарына мал жаюға берілді, осылайша жайылым тапшылығы мәселесі азайды.
Прокуратура органдары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жердің пайдаланылуын қадағалауды жалғастырады.
Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі