Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Жамбыл облысында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі өңірлік кеңес құрылды. Кеңес құрамына полиция қызметкерлері, журналистер, танымал спортшылар, қоғам өкілдері мен блогерлер енді.
Кеңестің басты мақсаты – халықты есірткіге қарсы күреске жұмылдыру, алдын алу шараларын жетілдіру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Кеңестің төрағасы ретінде ПД бастығының бірінші орынбасары М. Қанапияев тағайындалды.
Сондай-ақ оның орынбасарлары ретінде ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы А. Жұмабеков пен Халықаралық Тараз университетінің ректоры М. Сарыбеков бекітілді.
Кеңес мүшелері бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылады және алдағы жұмыстардың негізгі бағыттарын белгіледі.
Polisia.kz сайты