Жамбыл облысының Аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Жамбыл облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметінің қорытындылары бойынша брифинг өтті.
Өз сөзінде департамент басшысы Дильдаев Рахимжан Мырзаханұлы жұмыстың негізгі нәтижелерін атап өтті:
- 38 аудит іс-шарасы өткізілді: 5 жоспарлы және 33 жоспардан тыс, оның ішінде 5 Комитеттің тапсырмасы бойынша және 28 заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша.
- 64 118,4 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 59 670,8 млн теңгені құрады. Бюджетке қайтарылуы тиіс бұзушылықтар 235,2 млн теңгені құрады, оның 32,1 млн теңгесі (13,6%) қайтарылды.
- Құқық қорғау органдарына 1 440,5 млн теңгеге 4 материал берілді, оның біреуі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
- Мемлекеттік сатып алудың 98,1% процедуралары камералдық бақылаумен қамтылды (18506-ның 18155). Ұйымдастырушылар/тапсырыс берушілерге 4778 хабарлама жіберілді, оның 4651-і орындалды (97,3%).
- 329 материал тіркелді, оның 310-ы қаралып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 19-ы сотқа берілді.
- 36,2 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, бұл сома толықтай бюджет кірісіне өндірілді.