• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Облыс әкімі Талас ауданына жұмыс сапарымен барды

26.02.2020
0
Облыс әкімі Талас ауданына жұмыс сапарымен барды
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Талас ауданындағы бірқатар әлеуметтік,  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  нысандарын және өндіріс орындарын аралап, инфрақұрылым жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың ой-ұсыныстарына құлақ түріп, толғандырған өзекті мәселелеріне көңіл бөлді.

Өңір басшысы аудандағы жұмыс сапарын Қасқабұлақ ауылынан бастады. Аталған  шағын ауылда 1937 жылдан бері күрді диаспорасы топтасып тіршілік кешуде. Олар негізінен мал шаруашылығына төселген. Айта кету керек, бұл ауылда соңғы жылдары бірде-бір қылмыс орын алмаған. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тіркелмегені, ауыл дүкендерінде ішімдік сатылмайтындығы елдімекенге тән ерекшелік деуге болады. Қасқабұлақтықтар бастамашыл әрі еңбекке бейім. Ондағы әр отбасыда шамамен 5-6 баладан бар десек, ауыл тұрғындарының дені жастар.

Бердібек Сапарбаев ауылдағы 2018 жылы пайдалануға берілген орта мектептің жұмысымен танысты.  Оқу ордасында 135 оқушы білім алуда. ал жергілікті клубта ауыл тұрғындарымен кездесті.

— Біз бәріміз – Қазақстан Республикасының азаматтарымыз. Талай сындарлы кезеңдерді бірге кешіп, соғыс жылдарындағы ауыр сәттерді бірге еңсердік.  Бүгінде біздің басты байлығымыз – қоғамдағы бейбітшілік пен берік достығымыз екеніндігіне ешкім күмән келтіре алмайды. Осы орайда өскелең ұрпақты ұлттық болмыс пен үлкендерді құрметтеу секілді асыл қасиеттер аясында тәрбиелеуге аса көңіл бөлу қажет, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев. Сондай-ақ, ауылдықтардың өтінішіне құлақ асқан аймақ басшысы ауылды екіге бөліп ағатын «Тамды» өзеніне көпір салуға көмектесуге уәде берді.

Қаратау қаласындағы  «Игілік» коммуналдық  қазыналық кәсіпорны шаһар тұрғындарының 70 пайызын жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Ал ауыз суды тәулік бойы беру мәселесі жуық арада толық шешімін таппақ.  Облыс әкіміне мекеме басшысы Рашид Седалиев жаңа зауыттардың іске қосылуына байланысты тазарту құрылыстарын салу қажеттігін және судың  тапшылығы туындап отырғандығын жеткізді.

Ауданның ғана емес, облыстағы іргелі  кәсіпорындардың бірі саналатын «Талас инвестмент компани»  ЖШС-нің  натрий цианидін шығару өндірісімен танысқан аймақ басшысы зауыттың екінші желісін іске қосуға қатысты жоспарларына қанықты. Ол туралы ЖШС директоры Бақтияр Алдашов айтып берді. Жоспар толық  жүзеге асқанда  зауыттың  жылдық өнім көлемін15 мыңнан  30 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік тумақ.

Сондай-ақ, қаладағы  «Қаратау ПРО»  ЖШС-і  жылына 110 мың тонна мәрмәр ұны мен үгінділерін, құрғақ құрылыс қоспаларының негізгі компонентін өндірумен айналысуда.

Айта кету керек, Талас ауданы орталығының басты мәселелерінің бірі – қаңырап бос тұрған нысандар. Қаратау қаласында өткен ғасырдың 90-шы жылдары тұрғындары тастап кеткен бос тұрғын үйлер пайда бола бастады десек, олардың саны  15-ке жеткен. Бүгінде оның 10-ы жеке меншікке өтіп кеткен. Қалған 5 үй коммуналдық меншікте десек, оларды қалпына келтіру шараларына көңіл бөлген аймақ басшысы жоба құнына алаңдаушылық танытты.

— Соғылғанына 40 жылдан асқан үйлерді сатып алу немесе жөндеу  қаншалықты тиімді? Бұл арқылы бюджет қаражатың қаншалықты үнемдей аламыз? Егер бұл  үйлерді жаңғырту құрылысының құны жаңа тұрғын үй салумен бірдей болса, онда не айырмашылық бар? – деген аймақ басшысы бұл бағыттағы шараларды барынша зерделеу керектігін жеткізді.

Келесі кезекте аудан орталығындағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепке ат басын бұрған облыс әкімі мұғалімдерді оқушыларға сапалы білім беруге, балалардың жан-жақты дамуына көңіл бөлуге шақырды. Оқу ордасының материалдық-техникалық жабдықталуына көңілі толмайтынын баса айтты.

Сондай-ақ,  2012 жылы бой көтерген «Астана»  бөбекжай-бақшасының   ғимарат қабырғалары жарылып үлгерген десек,  нысан сейсмикалық күшейтуді талап етіп отыр. Оған 120 миллион теңге қаражат қажет екен.

Ауданның бұрынғы әкімшілік орталығы Ақкөл ауылында да бос қалған нысандар аз емес. Солардың бірі өткен жылы Қаратау құрылыс-техникалық колледжіне филиал ретінде қосылған осы ауылдағы  №14 колледж ғимараты. Оқу орны іс жүзінде өз жұмысын тоқтатқан десек, нысанға қарасты оқу корпусы, әкімшілік блок, жатақхана секілді бірнеше ғимарат қаңырап бос тұр. Жергілікті билік мұнда 200 орындық оңалту орталығын ашуды ұсынып отыр. Сондай-ақ, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның бос тұрған бір корпусына  шалғай және шағын ауылдардан келген балаларға арналған мектеп-интернатын ұйымдастыру көзделуде. Сол секілді, 1100 оқушыға арналған Ы.Алтынсарин атындағы  мектепте қазіргі таңда тек 190 ғана бала білім алуда.

Ақкөлдіктермен өткен кездесуінде аймақ басшысы бос тұрған ғимараттарды тұрғындардың қажеттілігіне тиімді пайдалану  үшін талдау шаралары жүзеге асатынын жеткізді.

Кездесу барысында кұны 2,8 миллиард теңге болатын Ақкөл-Қойгелді жолының құрылысы туралы мәселе көтерілді. Б.Сапарбаев аталған жоба құнының аз еместігін алдыға тартып, бұл орайда мұқият зерделеу  жұмыстарын жүргізіп, содан кейін ғана нақты шешім қабылданатынын атап өтті. Су қоймасын салу  мәселесі де осы тақлеттес.

Бұдан соң облыс әкімі арнайы Талас ауданы активінің жиынына қатысты. Жиында  аудан әкімі Бақыт Қазанбасов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы қысқаша баяндады.  Сондай-ақ,  басқосуда  тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіру, кәсіпкерлерге шағын несие беру мәселелері көтерілді.

Бердібек Сапарбаев ауданның өнеркәсіп саласындағы жетістіктерін оң бағалап, алайда шағын және орта  кәсіпкерлікті дамытуда  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігін барынша пайдалана білу керектігін атап өтті. Облыстық әкімдік тарапынан жерлерді тиімді пайдалану бойынша жүйелі тексеру жұмыстары ұйымдастырылып, егістіктерді суландыру жүйесін қалпына келтіру және суармалы алқаптарды ұлғайту шаралары қолға алынатынын баса айтты. Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыс су қоймаларына жиналған ылғалдың көлемі өткен жылғы мөлшерден үш  еседей аз екендігін ескерсек, ол тиісті кезеңде суармалы алқапты барынша сумен қамтуға өз кедергісін келтіруі мүмкін. Аталған жиында өңірді өз азық-түлігімен қамтамасыз ету мәселесі де қозғалды.

— Облыста бар-жоғы 32 гектар ғана жылыжай бар. Бұл – өте аз.  Кәсіпкерлік негіздегі бастамаларды жетілдіріп, моноқалаларды дамыту бағдарламасының мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет, — дей келе Б. Сапарбаев бала өлімі фактілерінің артуына қатысты алаңдаушылық білдірді.

Өзінің қорытынды сөзінде облыс әкімі қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын айрықша атап өтіп,  тұрақтылық бар жерде ғана экономиканың өсуі мен өмір сүру сапасының артуына қол жеткізуге болатынын баса айтты.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

Жамбылдық шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

20.06.2025
Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бектенов қазақ-қытай келісімдерін жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.06.2025
«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

«Jas Kenes Siyligi» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

20.06.2025
Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

Наурызбай ауданында «Наурызбай Fest» мерекелік фестивалі өтті

20.06.2025
«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

«Кешірім бермесең, өзіңді соттаймыз»: Көкпардан кейінгі қантөгіс

20.06.2025
Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Байбектің құрбысы: Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

19.06.2025
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты